Ақшаны қателесіп басқа біреуге аударып жіберген жағдайда қалай қайтарып алуға болады
Аудару кезінде сіздің ұялы телефон нөмірін немесе карта, шот деректемелерінің нөмірін қате жазғаныңыз белгілі болды. Тиісінше ақша мүлдем бөтен адамға кетті. Егер төлемді қайтару туралы келісе алсаңыз жақсы. Тіпті шотыңызға қаражат түскен жағдайда да жіберушінің кім екенін біле алмайсыз. Бұндай жағдайда не істеу керек? Stan.kz ақпарат агенттігі Fingramota.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Егер ақша біреудің телефон нөмірі арқылы жіберілсе не істеу керек?
Сіз телефон нөмірі бойынша жедел төлем жасадыңыз, бірақ цифрдан қате жібердіңіз. Бұл операцияны банк арқылы қайтарып алуға болмайды. Алушымен хабарласып, қате аударым жасағаныңызды түсіндіріп көріңіз, түскен соманы қайтаруды сұраңыз. Ол адам сізге сенуі және алаяқ ретінде қабылдамауы үшін шотты тексеруді ұсыныңыз. Алушы сіздің жағдайыңызды түсініп, содан кейін ақшаны кері аударыммен қайтаруы мүмкін.
Егер ақша басқа біреудің карта немесе шот нөмірі арқылы жіберілсе не істеу керек?
Егер сіз карточканың немесе шоттың дұрыс емес нөмірі бойынша ақшаны қате жіберген болсаңыз, банкке хабарласып, бәрін түсіндіріп, менеджерден ақшаны қалай қайтаруға болатындығын білуіңіз керек. Сонымен қатар, бұл жағдайда банк төлемді біржақты түрде кері қайтара алмайды. Әрбір банктің осындай мәселелерді шешудің өз рәсімі бар. Көбінесе, егер аударым дұрыс емес банктік шотқа сәтті жіберілсе, ақшаны алушының келісімімен ғана қайтаруға болады.
Егер ақша аудару процесі жүріп жатқан болса, онда операцияны болдырмауға болады. Егер сіз қате жіберіп, жоқ банктік деректерді көрсетсеңіз, төлем жасалмайды және ақшаны қайтару автоматты түрде жүреді.
stan.kz