Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Алдағы демалыс күндері Қазақстанда ауа райы қалай болады

Алдағы демалыс күндері Қазақстанда ауа райы қалай болады

«Қазгидромет» РМК 2018 жылғы 4-6 тамыз күндері болатын ауа райы болжамын жариялады.Демалыс күндері республиканың басым бөлігінде ауа райы ыстық болады, кей жерлерде күн күркіреп, оқтын-оқтын жаңбыр жауады, солтүстікте жел екпіндете соғады. Өңірлерде 25-30 градус ыстық болады, ал еліміздің оңтүстігі мен батысында ауа температурасы 33-38 градусқа дейін жетеді.
Қазақстанның солтүстік және солтүстік-батыс облыстарында тағы да аптап ыстық болады, 5 тамыздан бастап ауа температурасы 25-32 градусқа дейін көтеріледі.
inform.kz
03 тамыз 2018 ж. 1 362 0