Қазақстанда ЖОО оқытушыларының жалақысы өсті

Аға оқытушы кемінде 230 мың теңге, қауымдастырылған профессор – 260 мың теңге, профессор – 350 мың теңге (ұлттық жоғары оқу орындарында – 400 мың теңге) алады.
"Мемлекет басшысының қолдауының арқасында министрлік жоғары оқу орындарының штаттық қызметкерлеріне минималдық жалақы белгілеу туралы бұйрық қабылдады. ҚР БҒМ-ге бағынышты жоо оқытушыларының жалақысы артты. Сондай-ақ бір ставканың максималды көлемі енді бір оқу жылында 680 сағаттан аспайды. Яғни, оқу жүктемесі төмендетіледі. Өзгеріс профессорлық-оқытушылық құрамның ғылыми қызметпен айналысуы үшін мүмкіндік пен уақыттың көбірек болуын көздейді", - деп атап өтті Білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев.
2019 жылғы қыркүйекте БҒМ-ге ведомстволық бағынышты ЖОО профессор-оқытушылар құрамының еңбекақысы 20%-ға, 2020 жылғы қыркүйекте тағы да 20%-ға ұлғайтылды.
Жалақыны едәуір арттыру барысында оның минималдық мөлшері және педагогика жүктемесінің максималды көлемі белгіленді.
massaget.kz