Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Бас ауруының қауіпті белгілері қандай?

Бас ауруының қауіпті белгілері қандай?

Бас ауруы денсаулықта күрделі кінәраттың бар екендігінің белгісі болуы мүмкін. Әсіресе алты аса қауіпті синдром байқалса, абай болу қажет деп хабарлайды Lenta.ru.

Бас ауруын елеусіз қалдыруға болмайды деп отыр дәрігер мамандар. Көбінесе пациенттер бастарының ауырсынуын соққы алып жатқан іспеттес деп сипаттайтын көрінеді.
Түн ішінде адамды ұйқысынан оятатындай жағдайда бастың ауруы ісіктің бар екендігін білдіруі мүмкін. Көбінесе ол таңға қарай күшейіп, лоқсуға ұласады.
Аяқ-қол тартылып қалып, есту, көру мен сөйлеуде кідірістер байқалатын үдемелі ауру инсульттің белгілеріне жатады.
Ал бас ауырғанда дене қызуы жоғарылап, әлсіреу, мойын бұлшықеттерінің тартылуы орын алса, бұл менингиттің симптомы болып табылуы мүмкін.
Жарақат алғаннан кейін пайда болған бас ауруы да қауіпті. Басынан соққы алған пациентте ұйқышылдық, жүрек айну немесе қобалжу байқалса, бассүйекішілік гематоманың бар-жоғын анықтауға тексерілу қажет.
Бас ауруының қауіпті түрінің бірі – самай аймағындағы күшті ауырсыну. Бұл 60 жастан асқан адамдарда көп кездеседі. Егер бас ауырған сәтте көз көру нашарласа, қантамырларда қабыну процесі болуы ықтимал.

18 қыркүйек 2021 ж. 601 0