Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Күзде қандай киімдер трендте?

Күзде қандай киімдер трендте?

«Сұлулық әлемді құтқарады» деген сөз бекер айтылмаған. Жыл өткен сайын сән әлемінде жаңа леп пайда болуда. Байқап жүргеніміздей, соңғы кездері көне стильдегі киімдер қайт оралып жатқандай. Бұрынғы классика, кең балақты шалбар, үлкен өлшемдегі пиджак. Ал мезгілге қарай қыз-келіншектердің киіну стильдері де әртүрлі екені белгілі. Сонымен, биыл күзде қалай киінсеңіз сәнді бикештер қатарына енесіз? Стилист, дизайнер мамандарының айтуынша, биыл да денеге кең тұратын киімдері сәннен түспеген, яғни денеге жабысып тұратын киімдер сәнде емес. Биыл күзде сырт киімдерде «клетка» және «ляпарт» стильдері трендте. Сондай-ақ жастар арасында «джинс» маталарынан тігілген шалбар, жеңі ұзын күртеше, сөмке бірден көзге түседі. Осы матадан дайындалған киімдер қыздарға жараса кетеді. Сырт киімнен теріден немесе кашемирден тігілген пальто таңдағаныңыз абзал. Сонымен бірге драп пальто да ыңғайлы. Тоқымадан тоқылған кардиганды да еш ойланбастан сатып алуға болады. Ең бастысы, өзіңізге жарасымды, көңілге қонымды, дене бітіміңізге сай болса болғаны.
Қатпары көп косуха-палаццо шалбары арқылы бірнеше түстің үйлесімін көруге болады. Зебра таңбалы сөмке, жасыл түсті шалбар, күрең-қоңырқай түсті кеудеше, өзі қара, жағасы қоңыр түсті сырт киім. Сонымен қатар палаццо шалбары да күздік сәнде. Биыл жайлы киімдер мен ашық түстер сәнде болғандықтан, көбінесе ақ түсті жемпірлер мен сары-қоңыр түстес шалбарлар ажарыңызды аша түсері анық. Таза теріден жасалған түрлі-түсті сөмкелер, көлемді сырға және табиғи таспен безендірілген білезік те сәнді көрінеді.
Мамандар киімді дұрыс таңдау үшін әр адам алдымен өмір салтына мән беру керектігін айтады. Мысалы, сіз кеңсе қызметкері болсаңыз, сізге классикалық үлгідегі киімдерді сатып алғаныңыз дұрыс. Ал күнделікті өмірде қарапайым киінгеніңіз абзал. Спорттық үлгіде киінгіңіз келсе, жайлысын таңдап, оған қоса жай табанды кроссовкиді киіп көріңіз. Бұл киімдер жеңіл әрі өте ыңғайлы болмақ. Ең бастысы гардеробыңызды сапалы, ыңғайлы киімдермен толықтыруды әдетке айналдырыңыз.
Қаракөк түсті, ерлердің костюм-шалбары секілді, бірақ, белі ассиммметриялы. Негізі осы жылы ассимметриялы киімдер, қысқа жейделер, кроп-топтар актуалды. Қатқыл стильді «жұмсарту» үшін ашық түсті, мысалы ашық жасыл, ашық алқызыл секілді барынша ашық түс біз өкшелі туфли кисеңіз сәнді. Бұл түстер қазіргі тренд. Осыған дейін бұл екі түс бірге киілмейтін еді. Сөмке қызыл түсте. Таңғаларлығы сол, бір-біріне мүлде қабыспайтын түстерді үйлестіріп кие білу сізді өте сәнқой бикештердің қатарына жатқызады.
Әрбір қыз-келіншектің гардеробында күнделікті барлығына ыңғайлы универсал киімі болады. Жұмыстан шығып, құрбыларымен серуендеуге де, бейтаныс ортаға да қысылмай киіп бара алатын денеге қонымды, өзіне жарасымды киімді таңдауда жаңылыспаңыз. Сонымен бірге сәндегі ұзын жакет, «жырығы» бар белдемше, өкшелі қайықша секілді туфли сізді ұятқа қалдырмайды. Жеңіл сырт киім біраз үлкендеу болғаны да дұрыс. Бұл образда тізеден аз ғана төмен түсетін шифон көйлек пен косуха, оксфорд аяқ киімі үйлесім табады. Шұлықпен кисе де өзгеше көрініс береді. Сонымен қатар, бүкіл киім ақ пен қара түсте болғандықтан, басымдықты қызыл түсті сөмкеге береміз. Ең бастысы, сән мен сымбатың үйлесім тапса, ажарың ашыла түсері сөзсіз.
«Киім – адам мінезінің айнасы». Сән үлгісі бастау алған Еуропа мен өзіндік киіну мәнері бар Шығыс елдерінің ортасында орналасқанымызды ескерсек, киім кию мәдениеті бізден айналып кетпеген. Сән әлеміндегі сан ғасырлық еңбектер – адам үшін, адамның өміріне деген құрметі үшін жасалып келе жатқан дүние.

К. МАХСҰТ 

25 қыркүйек 2021 ж. 1 718 0