Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 6 қазанда ауа райы қандай болады?

6 қазанда ауа райы қандай болады?

Атмосфералық фронталды бөліктердің әсерінен Қазақстан аумағының басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы күтіледі, жауын-шашын болады, елдің шығысында және оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, жел күшейеді, түнде және таңертең тұман, көктайғақ, республиканың солтүстігінде және шығысында бұрқасын күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет.

ҚР батысында және оңтүстік-батысында антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде және орталығында, түнде және таңертең Ақмола облысының шығысында тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, түнде батысында, солтүстігінде, күндіз Шығыс Қазақстан облысының басым бөлігінде жел 15-20 м/с күшейеді. Түнде және таңертең Павлодар облысының солтүстігінде көктайғақ күтіледі, басым бөлігінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Түркістан облысының батысында және таулы, тау бөктері аудандарында, Қызылорда облысының солтүстігінде және орталығында 15-20, екпіні 23 м/с желдің күшеюі күтіледі, Қызылорда облысында шаңды дауыл болады. Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі, жел 18 м/с күшейеді.

Түнде Атырау облысының оңтүстігінде, күндіз Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында 15-20 м/с жел күшейеді. Түнде және таңертең Қостанай, Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-батысында тұман күтіледі.

Түнде және таңертең Алматы облысының таулы аудандарында тұман күтіледі, түнде облыстың шығысында 15-20 м/с жел күшейеді. Жамбыл облысының таулы және тау бөктері аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі, батысында және таулы аудандарда 15-20 м/с жел күшейеді. Түнде Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз солтүстік-шығысында шаңды дауыл күтіледі.

kyzylorda-news.kz
06 қазан 2021 ж. 465 0