Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Вакцина салу тоқтатылғаны рас па?

Вакцина салу тоқтатылғаны рас па?

Әлеуметтік желілерде Алматыдағы гомеопат дәрігердің ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цоймен кездесуі жоспарланғаны туралы хабарлама таратылды. Хабарламада дәрігер COVID-19 қарсы вакцина алған ер адамдарды тексеріп, олардың бәрі ұрықсыз екенін анықтаған деген жалған ақпарат бар, деп хабарлайды Egemen.kz StopFake.kz сайтына сілтеме жасап.
Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі бұл ақпаратты жоққа шығарды.
«ҚР Денсаулық сақтау министрінің дәрігер Ирина Прокушевамен кездесуі туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Қазіргі уақытта вакцинацияны тоқтату және Ashyk жүйесін алып тастау мәселелері қаралып жатқан жоқ», деп хабарлады ведомстводан.
Алматылық дәрігер-гомеопат COVID-19-ға қарсы вакциналар мен ерлердің белсіздігі арасындағы байланысты анықтады деген тұжырым да күмән тудырады. Әлемнің жетекші ғалымдарының пікірінше, мРНҚ платформасындағы вакциналар да, басқа иммундау препараттары да адамдардың репродуктивті жүйесіне теріс әсер етпейді.  Демек, әлеуметтік желілерде жарияланған ақпарат фейк. Алексей Цой Ирина Прокушевамен кездеспейді, бүгінгі күні КВИ қарсы вакцинация мен карантиндік шараларды тоқтату мәселелері қарастырылып жатқан жоқ. Ғалымдардың зерттеулері COVID-19 қарсы вакцинацияның ерлер белсіздігімен байланысын жоққа шығарады.

syrboyi.kz
06 қазан 2021 ж. 281 0