Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жұмыспен қамту саласы бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі

Жұмыспен қамту саласы бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі

Мемлекеттік қызмет көрсету – бұл еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіші. Бұл бюрократтық тосқауылдарды болдырмау мен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және қағазбастылықтан арылудың ең тиімді жолы.
Қазіргі таңда халықты жұмыспен қамту саласы бойынша бес мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Атап айтқанда:
– Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу;
– Жұмыссыз адамдарды тіркеу;
– Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдама беру (қоғамдық жұмыс, жастар практикасы, әлеуметтік жұмыс, тұрақты жұмыс орындары);
– Жұмыссыз ретінде тіркелгендігі туралы анықтама беру (егер уәкілетті органда жұмыссыз ретінде ресми тіркеуде болса);
– Атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш беру.
Жоғарыда аталған қызметтер, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы", мемлекеттік орган арқылы, "электрондық үкімет" веб-порталы: www.egov.kz және ұялы байланыстың абоненттік құрылғылары арқылы жүзеге асырылады.
Сонымен қатар "Арал ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы" КММ-нің ғимаратында орналасқан "өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышын" пайдалана отырып, мемлекеттік қызметтерді алуға болады.
Ол үшін өзіңізбен бірге ұялы телефон және электронды-цифрлық қолтаңба болуы қажет (жеке куәлікте немесе қағаз тасығышта (флешка).
Сондай-ақ "Еңбек биржасы" мемлекеттік интернет-ресурсы www.enbek.kz сайтында тіркеліп, жұмыс іздеуші ретінде электронды түрде түйіндемелерін енгізе алады және меншік түріне қарамастан сайтқа жұмыс берушілер жариялаған бос жұмыс орындарына (лауазым) өзін ұсыну мүмкіндіктерін қолдана алады.
Жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша қосымша сұрақтармен "Арал ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы" КММ-нің байланыс телефоны 8 (72433) 2-45-88, 2-46-54  арқылы хабарласуларыңызға болады.
Жадырасын АЛДАШЕВ,
"Арал ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы" КММ-нің маманы
09 қазан 2021 ж. 943 0