Көктайғақ, жел, боран – бейсенбіге арналған ауа райы болжамы

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында бұрқасын, көктайғақ, желдің күші түнде 15-20, екпіні 23 м/с жетеді.
Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында көктайғақ, жаяу бұрқасын, тұман күтіледі.
Қызылорда облысының солтүстігі және орталығында, Жамбыл облысының таулы аудандарында көктайғақ, тұман түседі. Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында, күндіз Қызылорда облысының орталығында жел 15-23 м/с жылдамдықпен соғады.
Ақмола облысының батысында және оңтүстігінде жаяу бұрқасын, көктайғақ, тұман күтіліп, түнде шығысында, күндіз оңтүстігінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе, Қостанай облыстарының солтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.
Түнде және таңертең Алматы облысының шығысында және оңтүстігінде тұман күтіледі, Алакөл ауданында жел 17-22 м/с жылдамдықпен соғады. Түркістан облысының солтүстігінде, батысында және таулы аудандарында желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.
kyzylorda-news.kz