Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 19 қарашаға арналған ауа райы болжамы

19 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты 19 қарашада ҚР аумағының басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады – қар жауады, жел күшейеді, тұман түседі, солтүстікте, шығыста, орталықта – бұрқасын, батыста – көктайғақ күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет.
Тек оңтүстікте, солтүстік-шығыста және солтүстік-батыста жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
Күндіз Солтүстік Қазақстан облысында жел 15-23 м/с күшейіп, облыстың солтүстік-батысында жаяу бұрқасын күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, солтүстік-шығысында жел 15-20 м/с күшейіп, жаяу бұрқасын болады.
Түнде және таңертең Жамбыл облысының солтүстігінде және таулы аудандарында тұман, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.
Қарағанды облысының батысы мен оңтүстігінде тұман, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында және орталығында бұрқасын, түнде облыстың шығысында желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.
Таңертең және күндіз Алматы облысының солтүстік-шығысында, оңтүстігінде көктайғақ, облыстың оңтүстігінде және шығысында желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.
Қостанай облысының оңтүстігінде тұман, күндіз облыстың солтүстігінде жаяу бұрқасынмен желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.
Түнде және таңертең Ақмола облысының солтүстік–батысында тұман, күндіз облыстың басым бөлігінде желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман, көктайғақ, күндіз облыстың басым бөлігінде желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.
Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-шығысында желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.
Түнде және таңертең Атырау облысының батысы мен шығысында, Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.
Кyzylorda-news.kz
19 қараша 2021 ж. 608 0