Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 16 қарашада ауа райы қандай болады?

16 қарашада ауа райы қандай болады?

16 қараша күні солтүстік-батыс және оңтүстіктен келетін циклондардың әсерінен Қазақстанның кейбір бөлігінде қар жауса, оңтүстік пен шығыста жаңбыр жауады, деп хабарлайды Қазгидромет.
Елдің тек оңтүстік-шығысы мен Солтүстік Қазақстан облысында күн жауын-шашынсыз болады. Республикамыздың басым бөлігінде тұман түсіп, көктайғақ болады, желдің күшейіп, батыста, шығыста бұрқасын соғады.
Маңғыстау облысында көктайғақ, облыстың солтүстігінде тұман, түнде облыстың батысында, күндіз облыстың басым бөлігінде жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады.
Түнде және таңертең Алматы облысының оңтүстігінде және шығысында тұман түсіп, көктайғақ болады, облыстың шығысында желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді, екпіні 25 м/с.
Түнде және таңертең Атырау облысының солтүстігі мен орталығында тұман түсіп, көктайғақ болады, облыстың батысында, шығысында – жел күшейіп, жаяу бұрқасын соғады.
Түнде Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында көктайғақ болады, облыстың батысында – тұман түсіп, оңтүстікте жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады
Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман түсіп, көктайғақ болады, күндіз облыстың солтүстігінде жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғып, бұрқасын болады.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын соғады, жолдарда – көктайғақ, облыстың батысында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді
Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, солтүстік–шығысында және таулы аудандарында тұман түсіп, жел 15-20 м/с жылдамдықпен ұйтқиды.
Ақмола облысының солтүстігінде, Қостанай облысының шығысында, Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік–батысында, Павлодар облысында тұман, Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі.
Kyzylorda-news.kz
16 қараша 2021 ж. 622 0