Бейсенбіге арналған ауа райы болжамы
11 қараша күні республиканың басым бөлігіндегі ауа райын циклон жырасы және сонымен байланысты атмосфералық фронттар анықтайды. Соған орай жауын-шашын күтіліп, солтүстік өңірлерде жаңбырдың соңы қарға ұласады, деп хабарлайды Қазгидрометке сілтеме жасаған kyzylorda-news.kz.
Еліміздің шығысы, орталығы және оңтүстігі жоғары қысымды алқап ықпалында болғандықтан, көбіне жауын-шашынсыз күн райы болжанады. Қазақстанның басым аумағында желдің күшеюі, солтүстік аудандарда жаяу бұрқасын, көктайғақ, тұман болады. Сондай-ақ батыс, солтүстік-батыс және оңтүстіктің таулы аудандарында тұман күтіледі.
Атап айтқанда, Ақмола облысында көктайғақ, жаяу бұрқасын, 15-20 м/с екпінде жел тұрады.
Ақтөбе облысында көктайғақ, жаяу бұрқасын, күндіз облыстың шығысында желдің күші 5-20 м/с артады.
Қостанай облысының солтүстік және шығысында, Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-батысында көктайғақ, жаяу бұрқасын, тұман, 15-20 м/с жылдамдықта жел күтіледі.
Павлодар облысында тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын, 15-20 м/с екпінде жел болжанады.
Алматы облысының Алакөл көлдері ауданында, Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауданында желдің күші 15-23 м/с құрайды.
Қарағанды облысының оңтүстік-шығысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде түнде және таңертең, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарының таулы және оңтүстік аудандарында тұман, түнде Батыс Қазақстан облысының шығысында жел 15-20 м/с күшеюі күтіледі.
Атырау облысының шығысында, Қызылорда облысының солтүстік-батысында желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.
Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, шығысында жел 15-20 м/с артады, түнде екпіні 23 м/с жетеді. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде көктайғақ болады.