Олимпиадаға қатыспайды
АҚШ және Канада хоккей клубтары бақ сынайтын Ұлттық хоккей лигасының (ҰХЛ) ойыншылары келесі жылы өз құрамаларымен Бейжіңдегі Қысқы Олимпия ойындарына қатыспайды.
Яғни ҰХЛ биылғы қысқы Олимпиада кезінде үзіліске шықпайтынын мәлімдеді. Сәйкесінше, лигада өнер көрсететін хоккейшілер алдағы Бейжің Олимпиадасына қатыса алмайды. Ұйымның мұндай шешім қабылдауына, әлемде коронавирустың қайта өршуі себеп болуы мүмкін. Бұған дейін ҰХЛ командалары дәл осы пандемияның салдарынан 50 матчын кейінге шегерген еді. Сондай-ақ қазіргі таңда лига ойындары 21 желтоқсаннан бастап Рождество мерекесіне дейін тоқтатылды.
Айта кетейік, ҰХЛ хоккейшілері 2018 жылы да Пхенчхан Олимпиадасына қатыспаған.
egemen.kz