Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аяз атаны қай ел қалай атайды?

Аяз атаны қай ел қалай атайды?

Жаңа жылдың «атасы» – Аяз атаны әр елдің адамдары әрқалай атайды. Дегенмен айналып келгенде мағынасы бір «Аяз атаға» саяды.
Қазақтар мен қырғыздар оны «Аяз ата» деп атаса, өзбектер «Қорбобо», түркімендер «Аяз баба», татарлар мен башқұрттар «Қыш Бабай», сахалар «Чысхан», алтайлықтар «Соок Таадан», удмурттар «Тол бабай», тәжіктер «Бобои Барфи», қалмақтар «Зул», буряттар «Саган Убугун», монғолдар «Увлун Унгун» дейді екен.
Ал әзірбайжандар – «Шахта баба», грузиндер – «Товлис папа», армяндар – «Дзмер паши», молдавандар – «Мош Крэчун» деп атайды.Эстондар, латыштар, литвалықтар үшін Аяз ата тиісінше – Йылувана, Салавецис, Каледу Синелис. Орыстар үшін ол «Дед Мороз», украиндар оны «Дид Мороз», белорустар «Дзед Мороз»,болгарлар «Дядо Коледа», финдер «Йоллулукки», карелдер «Папкайнен» деп атайды.
АҚШ халқы Аяз атаны «Санта Клаус» деп атайды. Ағылшын, ирландықтар үшін ол – Фазе Крисмас. Даниялықтар оны Юлемандендеп, исландиялықтар Иоуласвейдн деп атайды. Австрияда ол Сильвестр, Францияда Нэр Ноэль, Италияда Бабо Наталле, Грекияда Василий, Бельгия мен Польшада Киелі Николай. Ал Жапонияда Аяз атаны «Одзи сан», «Сегацу сан»дейді екен.
Қысқасы, дүние жүзінде қанша ұлт болса, әрқайсысының Аяз атаға өздері қойып алған аттары бар. Сондай-ақ «Аяз аталардың» Жаңа жыл түніндегі іс-әрекеттері әрқалай сипатталады. Әйтсе де олардың бәрінің мақсаты бір – адамдарға қуаныш сыйлау, олардың жаңа жылды сергек болып, жаңа үміттермен, тілектермен, жоспарлармен қарсы алуына қызмет ету. Аңыз кейіпкерінің осындай игі мақсатпен «дүние жүзін аралап шығатынына» жұрт сенеді, оған арнап өз тілектерін білдіріп жатады.

(Интернет желісінен алынды)
01 қаңтар 2022 ж. 2 989 0