Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жұлдызнама белгісі бойынша сен қай салада ең мықтысың

Жұлдызнама белгісі бойынша сен қай салада ең мықтысың


Әрбір адам белгілі бір салада мықты болатыны анық. Сондықтан Жұлдызнама белігілерінің қай салада барынша мықты екендігіне қатысты астрологтардың пікірін ұсынамыз.

Жұлдыз жорамалын жақсы көретіндер өздерінің жұлдызнама белгісінің ең жақсы болып шыққанын қалайтындығы түсінікті. Дегенмен, әрбір белгінің оны топтың ішінде ерекшелендіріп тұратын өзіндік мінез-құлқы мен ерекшеліктері де бар.

Ең мықты белгі
Бір түрлі көрінсе де астрологтар ең мықты жұлдызнама белгісі ретінде балықты атайды. Себебі бұл тұлғалар өте үлкен ішкі ресурстарға бай. Соның арқасында олар кез келген ауырпалықтар мен кедергілерді сындыра алмаса да, иілтуге қауқарлы.

Ең сексуалды белгі
Бұл аталымның ең жоғары сатысын сөзсіз Сарышаян иеленеді. Себебі бұл адам табиғи харизма мен адам сенгісіз магнитизмге ие. Ол осындай ерекшеліктерінің арқасында өзіне қарама-қарсы жыныстыларды инстинкт деңгейінде тарта алады. Ал оларды рахатқа бөлеу тұрғысында айтар болса, Сарышаянға тең келер жұлдызнама белгісі жоқ.

Ең зұлым белгі
Астрологтар жұлдызнаманың ең зұлым белгісі ретінде Бикешті атайды. Олар шыдамды адамдар. Бірақ, ызаға булыққанда олар қауіпті әрі кекшіл болып келеді. Бикештің жолын кесер болсаңыз, кез келген тіпті ең фатальды салдарға да дайын болыңыз. Өйткені бұл адамдар өкпе-ренішті еш уақытта естен шығармайды.

Ең сенімді белгі
Торпақтар сүйіктісі үшін отқа да, суға дайын дайын тұратын адамдар. Бұл тұлғалар үшін қарым-қатынастағы адалдық өмірлік ұстаным саналады. Олар  мұндай ұстанымдарынан еліктірсе де бас тартпайды. Торпақ еш уақытта сатып кетпейді. Мұны сүйікті адамы мен достары да растай алады.  

Ең сұлу белгі
Астрлогтар ең сүйкімді әрі сұлу деп мергендерді атайды. Әдетте бұл тұлғалар тамаша үйлесімді және бет-әлпеттері дұрыс болады, яғни сыртқы келбеттері тартымды деген сөз. Мұның барлығы мергендердің романтикалық көңіл-күйімен және өте жақсы талғамымен толыға түседі.

Ең қайырымды белгі
Бұл санатта да таң қаларлық жайттар бар. Себебі астрологтар Тоқтыларды ең қайырымды белгі деп атап отыр.  Барлығы да осы белгі аясында дүниеге келген тұлғалардың қызбалау екендігін біледі. Дегенмен, Тоқтылардың жылдам қайтатындығын, мүлдем кекшіл еместігін және айрықша қамқор екендігін естен шығармау қажет. Бұған қоса,  бұл тұлғалар аяушылық білдіруге бейім және төңірегіндегілерге жиі риясыз көмек көрсетеді.

Ең жолы болғыш белгі
Өмір бойы бағы жанып, жолы ашық болатын белгі – бұл егіздер. Өмірдің өзі аталған тұлғалардың қалаған дүниелерін жеңіл әрі қарапайым жолмен-ақ қол жеткізетіндігін дәлелдеген. Бұл Егіздердің қажетті жерде қажетті уақытта болу сынды бірегей қабілетінің болуы арқасында орын алуы мүмкін. Бұған қоса, егіздер табиғатынан дүниеге сеніммен қарайды. Сондықтан өмір оларға барлық тосын сыйларды тарту етеді.

Ең отбасылық белгі
Шаян отбасыға ұқыпты белгі саналады. Олар үшін неке мен отбасы – ең жоғары құндылық. Бұл шындығында да солай, өйткені шаян белгісіндегі серіктес барлық уақытта да өзінің сүйікті адамының қалауын ең бірінші орынға қояды және келеңсіз жайттар орын алатын болса, соңына дейін отбасын сақтап қалу үшін күреседі.  Мұндай тұлғалар бала кездерінен-ақ жанға жайлы үйі мен отбасы үйлесімін армандайды.

Ең өзімшіл белгі
Астрологтар таразы белгісімен дүниег келген адамдарды нағын өзімшілдер деп атайды. Жоқ, олар мүлдем кекшіл емес. Бірақ барлық жағдайда да өзінің мүддесін ойлайды және өз пайдасы үшін достықты да, қарым-қатынасты  ойланбастан атап кете береді.

Ең көпшіл белгі
Ең жылы шырайлы және көпшіл белгі ретінде астрологтар арыстандарды айтады. Бұл тұлғалар оп-оңай таныса алады. Себебі олар мүлдем ұялшақ емес. Сондықтан тез арада тіл табыса алады. Олар көңілді кештер мен салтанатты қабылдаулардың нағыз арыстандары. Алайда Арыстандар жалғыздықта жабырқау күйге түседі.

Ең тұйық белгі
Бұл атақ тауешкіге бұйырып тұр. Көп жағдайда олар тұйық әрі консервативті тұлғалар, адамдармен жақындасуды қаламайды, олармен ара-қашықтық ұстағанды қалайды. Тіпті сүйікті адамдарының өзі тауешкінің ішкі жан-дүниесіне ендеп кіре алмайтындықтарын және олардың шынай сезімдерін білмейтіндіктерін айтады.

Ең данышпан белгі
Жұлдызнама белгілері арасында суқұйғышты данышпан деп атайды. Шындығында да, әлемдік жаңалықтар ашып, өзінің таңқаларлық өнертабыстарымен даңқты болуға лайықты адамдар суқұйғыш белгісі аясында дүниеге келгендер екен. Бұл адамдардың ой-қиялы шексіз болып келеді. Бұған қоса, олар еріншек. Ал еріншектік прогресстің қозғалтқышы екендігі белгілі.
reactor.inform.kz​​​
27 қыркүйек 2018 ж. 2 603 0