Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жұлдыз-жорамал бойынша ең ақылды адамдар қай белгіде дүниеге келген?

Жұлдыз-жорамал бойынша ең ақылды адамдар қай белгіде дүниеге келген?



Өмірде барлық адам өзінше ақылды болғанымен бұған жұлдызнама не дейді екен. Ғалымдардың айтуынша, кез-келген пенденің ақыл-ойы туған күніне, айына, жұлдызнамасына байланысты көрінеді. Ендеше, қарап көріңіз ең ақылды үштікте Сіздің де жұлдызнамаңыз бар ма екен?! Егер, жоқ болса еш уайымдамаңыз!!!

Бірінші орынды Егіздер иемденеді екен.

Аталмыш жұлдызнамада дүниеде келген жандар қандай жағдай болмасын ойын тез жинақтап алады. Әрі бұл белгіде туылған адамдардың математикалық және логикалық ойлау қабілеті жоғары болғандықтан аталмыш салаларда абыроймен қызмет атқара біледі. Егіздер тек өздеріне қызықты дүниелермен айналысады. Тіпті, осы қызығушылықтарының арқасында барлық дүниені ұмытып кетуі де ғажап емес.
Егіздер араласатын ортасында өз ойымен келісетін адамды іздейді. Егер сіз оның парасат-пайымымен санаспасаңыз олар сізбен араласпай қоюы да мүмкін…

Бұл белгіде туылған адамдардың ішіндегі ең атақтылары: Артур Конан Дойл, Клинт Иствуд, Брук Шилдс, Анжелина Джоли.

Екінші орында Суқұйғыштар табан тірепті.
Аталмыш белгіде туылған адамдар өнер мен ғылым саласында үлкен жетістіктерге жетеді. Сондықтан да оларды нағыз тынымсыз жандар десе де болады. Өйткені, суқұйғыштар егіздермен салыстырғанда маңайында орын алып жатқан оқиғалардың алдын тезірек алып отырады.
Суқұйғыштар – энтузиасттардың қатарына жатады. Егер олардың ойына керемет бір жоспар келсе, суқұйғыштар оны орындамай қоймайды. Әрі бұл белгіде туылған жандардың мінез-құлқы да ерекше екенін атап өткен жөн. Мысалға, олар бәрінен бұрын отбасы мен достары, сондай-ақ мансап мен жеке қызығушылықтары алдыңғы орында тұрады.
Бұл белгіде туылған адамдардың ішіндегі ең атақтылары: А.П. Чехов, Жюль Верн, Амадей Моцарт, Ольга Кабо, Джейн Фонда және т.б.

Үшінші орында мергендер тұр.
Бұл белгінің өз аты айтып тұрғандай адамды еркіндікке, сәттілікке, алға қарай ұмтылуға жетелейді екен. Бұл белгіде дүние есігін ашқан жандар кез-келген шағын мәселені ақыл таразысына салып тұрып, парасатты шешім шығара біледі. Алайда, олардың басты кемшілігі –шыдамсыздығы болғандықтан, көп нәрсені ұнатпай жатады.

Бұл белгіде туылған адамдардың ішіндегі ең атақтылары: Марк Твен, Уолт Дисней, Стивен Спилберг, Джейн Остин, Брюс Ли, Скарлет Йохансен, Кристина Агилера.
reactor.inform.kz
09 шілде 2018 ж. 2 761 0