Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Адамды көзінен таны

Адамды көзінен таны



1. Қара көздердің иесі – бойында күш-қуаты мол, өмірді ерекше сүйетін, ынта-жігері мықты жан. Мінезі бір қалыпты деп айтуға келмейді. Мұндай адамдарды алған бетінен қайтару мүмкін емес және ешкім де жолында кедергі бола алмайды. Олардың бұл қабілеті тек жеңіс қана емес. Сонымен қатар асығыс шешім қабылдауға түрткі болып, сәтсіздіктерге ұрындырады. 

2. Қоңыр көздің иесі – табиғатынан сезімтал, өте ақылды, тартымды келеді. Бұлар - өте темпераментті адамдар. Адамға тез ренжіп, ренішін жүзінен байқатып, артынша жылдам ұмытып кетеді. Кемшілігі деп қырсықтығын айтуға болады. Астролог мамандар қоңыр көзді адамдардың ашық-жарқын келетіндігін, кез келген адаммен жылдам тіл табысатындығын айтады. (Күн мен Шолпан, Сатурн энергиясының қосындысы). Бұл адамдар айналасына ғашық болып жүреді. 

 3. Көк көздің иесі – өте эмоционалды, сезімтал, романтик жандар. Түс Шолпан планетасына сай келеді. Олар серігіне ес-түссіз ғашық болады. Және өзіне дәл солай ғашық етеді. Олардың не ойлап тұрғанын анықтау мүмкін емес. Әрдайым әділдікті жақтайды. Қулығы да жоқ емес. Кемшілігі деп тәкаппарлығын айтуға болады. 

 4. Көгілдір көздің иесі – жиі алдайды. Мақсатына берік болса да, тым сентименталды. Олар адамның көз жасына қарамайды. Кейде қатты ашуланып, себепсіз күйзеліске бой алдырады. Көп жағдайда көгілдір көздің иесі сабырлы келеді. 

 5. Сұр көздің иесі – ақылды және шешімді дұрыс қабылдаушы. Қиындыққа тап болса, қашпай, бірден шешімін табуға кіріседі. Тек ақылына ғана сенеді. Бұл адамдарға айналадағының барлығы да қызықты. Махаббат пен мансапта да жолы болады. 

 6. Жасыл көздің иесі – нағыз нәзік жандар. Таңдаған жандарына әрдайым адал болып, шын сүйеді. Достары сенімділігі мен мейірімін ерекше бағаласа, дұшпандары қатты мінезі мен айтқанын орындамай қоймайтындығынан қорқады. Серігін өте жақсы тыңдайды, үнемі ұтымды пікір айтады. Өздері басқарып отырған кез келген істі мінсіз етіп орындайды. 

Ғалымдардың көзге қатысты бұл зерттеуі нақты 100% сай келмесе де, оның бар екенін анық көрсетеді. Көз арқылы адамның мінезін ғана емес, ішкі жан дүниесінің қандай екендігін де анықтауға болады. 
reactor.inform.kz​​​
28 мамыр 2018 ж. 3 570 0