Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жұлдызнама белгілері: тамыз айынан не күтуге болады

Жұлдызнама белгілері: тамыз айынан не күтуге болады


Міне, жаз мезгілінің соңғы айы да келіп жетті және Сіздің жылы мезгілге, тиесілі демалысқа мән беріп, рахаттануыңызға әлі де мүмкіндік бар. Түрлі жұлдызнама белгілерін тамыз айында не күтіп тұр? Олар неге дайын болуы тиіс?



Тоқты

Тамыз айында жұбы жоқ жандар жаңа әрі ерекше адамды кезіктіреді. Осы айда сіз өзіңізді көңілді және сезімтал сезінесіз, сондай-ақ айналаңызға оң әсер бересіз. Егер сіз дәл қазіргі сәтте өзгемен қарым-қатынаста болсаңыз, тамыз айында сіздің қарым-қатынастарыңыз екі жаққа да жеңіл бола түседі және сіздің қарым-қатынасыңыз арта түседі. Тоқтылар, махаббатқа
тербелесіздер!

Торпақ

Тамыз сізге соңғы кездері аса қажет болып жүрген ішкі тыныштықты әкеледі. Ақырында, сіз шынымен жақсы көретін, бағалайтын және сізге ненің үлкен бақыт әкелетінін нақты түсінетін боласыз. Соңғы кездері сіз белгілі бір рольды ойнаймын деп қатты шаршадыңыз. Торпақтар, ендігі кезекте сізді бақыт күтіп тұр!

Егіздер

Тамызда сіз өз өміріңіздегі теріс энергия мен зиянды қарым-қатынастан құтылу үшін барлық мүмкіндікті жасайтын боласыз. Бұл қажетсіз нәрселердің барлығын босатуға уақыт келгенін сіз жақсы түсінесіз. Егіздер, ескіден арылатын кез жетті, алда жаңа нәрселер күтіп тұр!

Шаян

Соңғы айларда сіз өзіңізді тану жолында жүрсіз. Енді сіз жасырып жүрген талантты әлемнің алдында паш ететін уақыт жетті. Тамыз сіз үшін эмоцияға толы ай болады. Бір сәтте сіз бақытты боласыз, ал келесіде - сіз уайымға салынасыз. Бұл американдық сырғанақтарда сырғумен тең, алайда айдың аяғында сіздің эмоцияларыңыз қалыпты күйге оралады.

Арыстан

Арыстандар, тамыз - бұл сіздің айыңыз! Сіз өзіңізді жақсы сезінетін боласыз. Оны көрсетуден қорықпаңыз! Мол қуаныш пен шаттықты күтіңіз, жағымды кездесулер де жоқ емес. Сіздің сезіміңіз өте жоғары болады. Бұл - сіздің уақытыңыз!

Бикеш

Бикеш, сіз өмірдің барлық салаларында мінсіз адамсыз. Осы айда сіз қиындықтарға тап боласыз, дайын болыңыз. Әр нәрсеге басқа көзқараспен қарауға уақыт келді. Егер жұмысыңыз жоспарлағаныңыздай болмай жатса, сәл аялдаңыз немесе кері оралып, қайталап көріңіз.

Таразы

Осы айда сіздің жақын адамыңызбен, жақын досыңызбен немесе отбасы мүшелерінің бірімен қарым-қатынасыңыз тереңірек болады. Сіз бұл адаммен жаңа деңгейде байланысқа түсесіз. Сіз үшін бұл өте маңызды және сіз неге мұның бұлай болып жатқанын түсінетін боласыз. Бұл байланысқа қолдау көрсетуден жалықпаңыз, бұл сіз армандаған қарым-қатынас екені анық!

Сарышаян

Сарышаяндар, тамызды сауықтыру және қалпына келтіру уақыты ретінде қолданасыз. Керексіз нәрселерден құтылып, өзіңізді еркелету артық етпейді. Тамыз босаңсу және өткен өміріңізді бір сүзгіден өткізу мерзімі. Айдың соңында сіз өзіңізді жаңа адам ретінде сезінетін боласыз.

Мерген

Мергендер, тамыз айында сіз өте табанды боласыз, тіпті біршама агрессивтілік танытасыз. Осы уақыт ішінде сіз ерекше уәжділікті сезінесіз және сіздің сеніміңіз жоғары деңгейде болады. Тамыз айының сіз үшін керемет болатыны анық!

Тауешкі

Тауешкілер, сіздің өміріңіздегі қарым-қатынастар басыңыздың ауруына себепкер болуы әбден мүмкін. Тамыз сіздің ішкі күшіңізді тексеріп, өзіңіздің сезіміңізді көрсетуге мүмкіндік береді. Сіз иық тірейтін сенімді жанды тапқыңыз келеді. Шын мәнінде, бұл - зор күш белгісі: қажет болған кезде бәрі сізден көмек сұрауға мәжбүр болады.

Суқұйғыш

Суқұйғыштар үшін тамыз айы романтика мен құмарлықтан тұрады. Сіз қарым-қатынасқа толығымен сіңіп кетесіз. Осы ай - тынығуға және өзіңіз туралы ойлануға берілген уақыт іспеттес. Кейде сіздің кестеңізді реттеу қиын, себебі сіз тым көп жұмыс істеп жүрсіз. Босаңсыңыз және терең тыныс алыңыз.

Балықтар

Тамыз айында Балықтар өздерін тыныш сезінеді. Сіздің денсаулығыңыз қалыпты жағдайда және эмоционалдық күйіңіз физикалық күймен үйлесім табуда. Алайда, айдың аяғында кейбір қиындықтар тууы мүмкін, сондықтан ескеріңіз, жақсы үмітпен қараңыз. Есіңізде болсын, ешқандай қорқынышты жағдай орын алмайды, тек қана бәрі де сіздің пайдаңызға шешілері анық.
reactor.inform.kz​​​
07 тамыз 2018 ж. 1 760 0