Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жұлдыз жорамал:Сіздің өміріңізге қандай өзгеріс қажет?

Жұлдыз жорамал:Сіздің өміріңізге қандай өзгеріс қажет?

Егер сіз нағыз бақытты іздеп жүрген болсаңыз, астрологияға үңіліңіз. Өмір қиыншылықтарға толы, ақыр соңында сіздің бақытыңыздың жолында нақты қадам жасау керек болуы қажет екенін сезінесіз, яғни өзгеріс қажеттігін ұғынасыз. Алайда сіз өз мақсатына жетуі үшін өмірде нені өзгерту қажет екенін қайдан ұғасыз?



1. Тоқты

Сіз табыс табу жолын өзгертіңіз. Егер бұл қызмет сізге қуаныш әкелмесе және әрі қарай ынталандырмаса, бұл сіз үшін және сіздің қызметтестеріңіз үшін нағыз сорақы жұмыс екенін ұмытпаңыз. Өзіңізге ұнайтын жұмысты тапқанда, өзіңізді анағұрлым бақытты сезіне аласыз.

2. Торпақ

Өміріңізді билейтін қорқыныштарды жойыңыз. Бір нәрсені бастауға қорықсаңыз, мұны міндетті түрде істеу қажет деп ойлаңыз. Сізді және сіздің таңдауыңызды ішкі үрейдің билеуіне жол бермеңіз.

3. Егіздер

Айналаңыздағы адамдарды өзгертіңіз. Жан-жағыңызда нашар адамдар болса, олардан тез арада арылыңыз. Олар сіздің табысыңызға, сіздің күйзелісіңізге және сіздің бақытыңызға кедергі келтірмеуі керек. Жеке басыңыздың сәттілігін ойлап, өзіңізге «осы қатынастар менің алға жылжуыма көмектесе ме?» деген сауалды жиі қойыңыз.

4. Шаян

Өрттен қорыққандай иланатын тәуекелдерден қорыққанды қойыңыз. Тәуекелге барыңыз. Өзіңіз қорқатын қадамдарды жасаңыз. Сіз үнемі қорқатын, армандаған өмірмен, тыныс-тіршілікпен өмір сүргенді мақсат тұтыңыз. Өзіңізбен мақтанатындай болыңыз.

5. Арыстан

Өз айналаңызда қабырға тұрғызып, басыңызға тәж таққанды қою керек. Өз шекараңызды ғана қорғап, өз өміріңізден адамдарды ығыстыруды місе тұттыңыз ба? Алайда адами ашықтық – сізге адал байланыстар мен қарым-қатынастарды жасауға мүмкіндік береді.

6. Бикеш

Өзіңіздің орындауыңызға әліңіз жетпейтін стандарттарды өзгертіңіз. Жоспарланған дүниелерді орындауға икемсіздікті айтып, өзіңізді іштей жегенді қойыңыз. Мақсатты түсініп, жігерлі адам болу бір басқа да, орындалмайтын жоспарға ден қойып, жолы болмағыштықты сезіну бір басқа.

7. Таразы

Қоршаған ортаға деген шексіз мейірбандылықтан арылыңыз. Сіз - тұтас әлемсіз, сізге көп жағдайда эгоист болған дұрыс. Өзіңізді ойлап, өзіңізді сүйіңіз. Сіз күткеніңізден де ерекше құрметке лайықтысыз.

8. Сарышаян

Жеке өміріңізді қабылдауды өзгертіңіз. Жаман ойлау күйіп кетуге және бұзылуға әкеп соғады. Стаканды бос көргеннен гөрі, әр сәтіңізге қуанып, қазіргі күнмен өмір сүрген дұрыс.

9. Мерген

Өзіңізді құрметтеп, күтіңіз. Әр жақсы қадам үшін өзіңізді иықтан қағып, дем беріп, жақсы сөздер айтып отырыңыз. Сіз өзіңіз үшін қуана біліңіз. Бұл сізді менменшіл не өркөкірек адам етпейді, соны ұғыңыз.

10. Тауешкі

Өзгелерді емес, бірінші кезекте өзіңізді бақытты ету үшін өміріңізді өзгертіңіз. Ең маңыздысы -сіздің бақытты болуыңыз, қоршаған ортаны бақытты ету емес. Бәріне ұнауды мақсат тұтпаңыз, әйтпесе тұлға ретінде өзіңізді жоғалтасыз.

11. Суқұйғыш

Сіздің қарым-қатынасыңыз өткен шаққа көбірек назар аударумен ерекшеленеді. Тарихта қалған дүниелерді еске алып, жылап-сықтағанды қойыңыз. Мұны сіз еш өзгерте алмайсыз. Сіз тек бұдан сабақ аласыз. 

12. Балықтар

Өз ортаңызды өзгертіңіз. Кейде сіздің ортаңыздың сізге ешқандай пайдасы жоқ екенін мойындауға тура келеді. Ұмытпаңыз, өсімдік шіри бастағанда, бағбан оның тамырын кінәламайды, бар болғаны шіріген бұтаны кесіп алып тастайды.
reactor.inform.kz​​​
25 маусым 2018 ж. 1 815 0