Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Бетіңіздегі мең өміріңіздің мәні жайында сыр шертеді

Бетіңіздегі мең өміріңіздің мәні жайында сыр шертеді

Ежелгі қытайлар қарапайым адамдар түсіне бермейтін көптеген эзотерикалық пәндерді зерделеп шыққан. Атап айтқанда, олар адамның мінезін дәл анықтауға мүмкіндік беретін беттегі меңнің орналасу картасын жасаған.

Егер сіздің бетіңізде мең болса,  онда айнаға қараңыз және төмендегі суреттегі сәйкес нөмірді табыңыз. Содан кейін мағынасын оқыңыз ... сіз таң қаласыз!



1–3 нүкте
Бала кезіңізде сіз нағыз сотқар болғансыз. Сіздің шығармашылық қабілетіңіз дамыған және сіз өз қолыңызбен жасағанды ұнатасыз. Біз бір қадам алға ойлай білесіз.

Бетіңіздің бұл тұсындағы мең сіздің бизнесте де қабілетті екеніңізді білдіреді. Сіз үшін бірлеулерге жұмыс істегеннен гөрі қызметкерлерге басшылық жасаған жақсырақ.

4 нүкте
Сіз барынша қызбасыз. Дегенмен, сіздің көпірмелілігіңіз сізге үйірімпаздық береді және көпшіліктің ішінде  ерекшелеп тұрад. Сізге дұрыс шешім қабылдау қиын болады.

Барлық дау-дамайды дәлел келтіруге тырысасыз. Мең қызбалық темпераментіңізді білдіреді. Егер сіз оны алып тастауға шешім қабылдасаңыз, онда біршама байсалды болып, әлемде үйлесімділікке ие болғаныңызды байқайсыз.

5 нүкте
Қастардың жоғары жағындағы мең сіздің бай болуға әлеуетіңіз бар екенін көрсетеді. Бірақ ол үшін басқалардан артық жұмыс істеуге тура келеді.

Сізге өзіңіздің табысыңызға  қамқорлықпен қарауға тура келеді, өйткені айналаңызда көре алмайтын адамдар көп. Олар  сізді күмәнді мәмілелерге тартуы ықтиамал. Сізге тез байға көмектесетін сызбаларды  ұсынатын адамдардан абайлаңыз. Сақ болыңыз.

6 нүкте
Бұл аймақтағы мең ақыл-ой және шығармашылық қабілетті білдіреді. Сізге табысқа, даңққа және байлыққа жетуге мүмкіндік беретін талант бар.

Жүрегіңізді тыңдаңыз, ештеңеден қорықпаңыз, сонда сізге сәттілік серік болады.

7 нүкте
Қас астындағы мең - отбасыңызда сіздің үлкен алаңдаушылығызды туындататын және  бақытсыздық әкелетін кейбір түсінбеушілік бар екенін білдіреді. Бұл сіздің өміріңізге және жұмысыңызға әсер етеді.

Егер сіз үйлесімділікке жетуді және алға қарай жүруді қаласаңыз, туған-туыстарыңызды сол қалпында қабылдаңыз.

8 нүкте
Бұл мең үшін жақсы аймақ емес. Сізде әрқашан қаржымен байланысты проблемалар туындайды, өйткені сіз ақша жұмсауға бейімсіз.

Сіздің басты міндетіңіз – қай уақытта тоқтау қажеттігін  білу. Сонымен қатар, осы аймақта меңі барлар  қылымсығанды жақсы көреді.

9 нүкте
Бұл да мең үшін барынша қолайлы орын емес. Мұндай меңі барлар өмірде жиі бақытсыз болады, жұмыста да отбасында да проблемаға ие.

10 нүкте
Мұрынның астында меңі барлар өте жолы болғыш. Сіз сүйікті және сізді жақсы көретін адамдардың ортасындасыз. Сізде көп бала және немере болады.

Жақындарыңыз барлық уақытта да сізге қолдау көсретеді және сіз өзіңізді материалдық және адамгершілік тұрғыда қанағаттанған жан сезінесіз.

11 нүкте
Бұл аймақтағы мең жиі ауруға ұшырайтындарға тән. Егер мең үлкен және қара түсті болса, онда ең дұрыс оны алып тастау қажет. Ауру айтарлықтай азаяды.

12 нүкте
Мұндай меңнің болуы Сіздің үйлесімді әрі табысты өмір сүретіндігіңізді көрсетеді. Сіздің жайлы, бақуатты өмір сүруіңізге толық жағдай бар. Отбасыңызда да бәрі жақсы әрі тыныш.

13 нүкте
Ақша жиі сіздің көңіліңізді қалдырып жатады. Олармен қарым қатынас дұрыс болмай тұр. Алайда мұнымен ештеңе істей алмайсыз. Тек қана көндігу қажет.

14 нүкте
Бұл жердегі меңнің болуы сіздің тағамға талғампаздығыңыздың болуымен ерекшеленеді. Тағамнан туатын аллергия сіздің өміріңіздегі маңызды мәселелердің бірі.

15 нүкте
Сіз үнемі қозғалыста жүресіз. Үйіңізді жаңартқанды ұнатасыз және түрлі жаңа идеялар қосасыз. Жаңа орындарда болып, жаңа нәрсемен таныс болғанды қалайсыз. Үнемі ізденіс үстінде боласыз. Кейде жай нәрселерге тым қатты қарайсыз. Шектен шыққан романтизм жүрекке қаяу түсіруі мүмкін.

16 нүкте
Қаламайтын мең: сізде құдды бір екі адам іштей күресіп жатқандай. Қыдырғанды жақсы көресіз, сөйте тұра өзіңізге қатал қарайсыз, бұл өмірде біраз қиындықтар туғызып жатады.

17 нүкте
Қоғам үшін сіздің орныңыз бөлек. Шешендік қабілетіңіз жоғары әрі әлеуметтік тұрғыда белсендісіз.
Алайда дандайсып кетпеңіз, бұл өз атыңызға кір келтіруге алып келеді.

18 нүкте
Сіз үнемі қозғалыста боласыз. Яғни сіз әлемді шарлап шықтыңыз не аралау үстіндесіз. Әрдайым жүрек қалауыңызды тыңдаңыз. Жүрегіңіз үйде қалуды қаласа, қалыңыз.

19 нүкте
Сіздің достарыңыз өте көп. Сіздің бір кемшілігіңіз, бір күн қыдырмай өткізе алмайсыз. Егер отбасында бақытты болсаңыз, өте абай болыңыз.

20 нүкте
Бір теріс қадам басыңыз — сіз белсенді, жақсы адамнан бірді бірге жеткізіп жүрген адамға айналып шыға келесіз.
Егер сіз мықты саясаткер болсаңыз, бір жалған сөзіңіз сізді тиран, деспот атауға жол ашады. Абай болыңыз!

21 нүкте
Бұл мең сіздің мансапқа жетуіңізге және танылуыңызға жәрдемдеседі.

22 нүкте
Сіз бақытты ғұмыр кешудесіз, сізде бәрі де ойдағыдай  ақталуда. Спортпен шұғылдануды ұнатсаңыз, тез арада спортшы болып шыға келесіз. Адамдарды басқаруды ұнатсаңыз, жақсы басшы және жетекші бола аласыз.

23 нүкте
Сіздің IQ  деңгейіңіз өте жоғары, ортаға бейімделу де бойыңызда жақсы қалыптасқан. Сізді ұзақ та нәрлі өмір күтіп тұр. Үнемі айналаңызда достарыңыз бен туысқандарыңыз болады.

24 нүкте
Жас кезіңізде сізді байлық пен мансап күтіп тұр, осы кезеңде өмірден бәрін алып алған дұрыс.

25 нүкте
Бұл тұстағы мең сіздің танымал болатыныңызды және бай болатыныңызды меңзейді. Алайда тым әсірелеп жібермеңіз.
Өз көзқарастарыңызға берік болыңыз, сол кезде сізді алдыңызда ұзақ та әдемі өмір күтіп тұр!
reactor.inform.kz
01 маусым 2018 ж. 2 096 0