Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Денсаулық: Ағзаны улы заттар мен токсиннен 12 сағатта тазарту жолы

Денсаулық: Ағзаны улы заттар мен токсиннен 12 сағатта тазарту жолы

Сізді бет теріңіздің түсі алаңдатады ма? Дене және ақыл-ой еңбегіне күшіңіз кемігенін байқайсыз ба? Немесе артық салмақ қосып алдыңыз ба? Мүмкін тез арада көңіл-күйіңіз түсіп, күйгелектене бастағаныңызды байқадыңыз ба? Онда Сізге тез арада ағзаңызды тазарту қажет, яғни қазіргі заманауи тілмен айтқанда детокс жасау керек.Бұл сөздің мағынасын түсіну былай тұрсын, кейбіріміз тіпті естімеген де шығармыз. Егер қарапайым тілмен түсіндіретін болсақ: детокс – бұл күнделікті тағам түрлерін түбегейлі өзгерте отырып, ағзаны түрлі токсиндерден тазартуға мүмкіндік беретін әдіс. Соның арқасында Сіз сыртқы келбетіңіз бен көңіл-күйіңіздің жақсартуда оң нәтижелерге қол жеткізіп, өз салмағыңызды реттей аласыз. Және бұл үшін көп күш жұмасаудың қажеті жоқ, артық ақша мен уақыт шығынын да талап етпейді – тек бір күніңізді ғана арнасаңыз жеткілікті.
Ағзаны тазарту: детокстың түрлері
1. Детоксты тәуліктің таңертеңгі уақытында пайдалану. Ағзаны тазарту бағдарламасының тиімділігі үшін жасыл сусынды (смузи) пайдалану қажет. Оны еңбек күні басталғанға дейін ішуге кеңес беріледі. Оны дайындау үшін Сізге мынадай азық-түлік қажет: қияр – 1 дана; шпинат көкөнісі; алма – 1 дана; жарты авокадо. Бұлардың бәрін сумен жақсылап жуып тазарту керек. Содан кейін кішкене тілімдеп кесіп, жеке ыдысқа салыңыз. Үстінен су құйыңыз. Блендердің көмегімен біркелкі қоспаны дайындайсыз.
 2. Детоксты тәуліктің күндізгі уақытында пайдалану. Күні бойы сұйықтықты көп мөлшерде ішу қажет – шамамен 2,5 литр су. Бұл ағзадан токсиндердің шығуына септігін тигізеді. Бұдан басқа, бағдарламаның тиімділігін арттыру үшін жеміс-жидектерді пайдалануға болады. Ағзаны тазарту уақытында түскі ас кезінде тек жемістер қосылған су ішу қажет.
3. Детоксты тәуліктің кешкі мезгілінде пайдалану. Жұмыс күні аяқталып, кеш түсе бастағанда Сіздің ағзаңыз шаршайды. Кешкі ас ішкіңіз келеді, бірақ одан бас тартыңыз. Күнделікті кешкі астың орнына алма, балдыркөк (сельдерей), киви және банан қосылған коктейль дайындап ішіңіз. Сусын нәрлі болуы үшін оған жалбыз (мята) қосуға болады. Мұндай сусында дайындау мүлдем қиын емес. Бұл үшін бір алманы және бір тал балдыркөкті жуып тазартыңыз. Бір киви мен жарты бананды қабығынан тазартыңыз. Блендердің көмегімен барлығын қосып, араластырыңыз.
Детокс жайында. Күні бойы қарныңыз ашып, мазалайтынын естен шығармаңыз. Қарныңыз ашқанын сезген кезде аздап су ішкен дұрыс. Содан кейін он бес минут байқап көріңіз. Егер одан кейін де қарныңыз қатты ашқанын сезінетін болсаңыз, онда жидектер жеуге болады. Осы әдістің арқасында артық салмақтан арылуға болады (шамамен 2 кг). Бұған қоса, Сіз өз бетіңіздің тересі өзгеріп, ажарыңыз кіре бастағанын байқайсыз.
Осы кеңеске бой ұсынсаңыз, өзіңізді әрі жас, әрі деніңіз сау жан ретінде сезінесіз.
Детокс – өте жеңіл әдіс, алайда тиімді нәтижелерге қол жеткізу үшін оны аптасына бір рет жасап отыру қажет. Бұл ретте асқазан-ішек жолы проблемалары болған жағдайда ағзаны тазартуды алдын ала емдеуші дәрігермен келісе отырып жүргізген дұрыс.

25 наурыз 2018 ж. 2 809 0