Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жұлдыз жорамал: 3 сәуір

Жұлдыз жорамал: 3 сәуір

Балықтар
Балықтар үшін бүгінгі күн əдеттегідей, тыныш өтеді... Бұрын істейтін істі бүгін істеуіңізге жаксы уакыт.. Кейбір кездескен қиындықтарға қатты күйзеліп, қапа болудың еш қажеті жоқ.. Тек сабырға салып, күтіңіз. Сүйіктіңізге сізге тосын сый жасап, кешкісін көңіліңізді бір көтеріп тастауы мүмкін.

 Суқұйғыш

Өзіңізге жақын адамдарыңызбен қарым-қатынасыңызды ретке келтіруге тырысыңыз.Өміріңізге өзгеріс енгізуге барыңызды салғанмен көңіліңіз толмайды. Қаржыңызды үнемдеңіз. Қаржыдан қысыласыз. Жақындарыңыз сіздің қолдауыңызға зәру. Көбірек бірге болуға тырысыңыз.

 Тауешкі

 Бүгін алға қойған жоспарларыңыздан бас тартпаңыз. Әр іске жауапкершілікпен қарағаныңыз абзал. Жаңа кездесулерге шақыру мүмкін. Бірақ келіспес бұрын дұрыс-бұрысын анықтап алыңыз. Жалғыз басты тауешкілерді қызықты сəттер күн күтіп тұр.

 Мерген

Бүгін жеке өміріңізге тың өзгерістер болуы мүмкін. Жаңа таныстарыңыздын арасында сізге көмегі тиетін азаматардың да болуы ықтимал. Жүрек қалауын тындап, жалғыз басты адамдар өз жартыларын табуы мүмкін. Ауырдың үстімен жеңілдің астымен жүремін деп жұмысыңыздан айырылып қалмаңыз.

Сарышаян

Шешімді тез қабылдап, өз ойларыңызды халыққа жеткізе біліңіз. Мақсатыңызға жетуге беделді адамдардың да көмегі тиіп қалуы мүмкін. Сіздің іс -әрекетіңізді басқа адамдар түсінбеуі мүмкін. Сабыр сақтап алға ұмтылыңыз. Сүрініп жарақаттануыңыз да мүмкін. Абай болыңыз.

Таразы

Жасаған істеріңізді қорытындылайтын болсаңыз біраз қателік кетіріп, оны реттеуге тырысасыз. Оны реттеймін деп бәрінен де айырылуыңыз мүмкін. Жетістікке қол жеткізу қиын болмақ. Жаңа іс бастамас бұрын жақындарыңызбен ақылдасып алыңыз. Қаржы жағы қуантпайды. Қарыз алудан аулақ болыңыз.

Бикеш

Бүгінгі күн қызықты болмақ. Бастықтармен тіл табысып, қолдауға ие боласыз. Алға қойған мақсаттарыңыз да орындалмақ. Керекті заттарыңызды алуға қолайлы уақыт. Романтикалық кеште болу мүмкін, бірақ ол өзіңізге байланысты.

 Арыстан

Бүгін жұмысыңызда қиын сұрақтардың жауабын шешуге тырысасыз. Қиын сәттерде қолдау көрсете алатын мықты достарды қасыңызға жинаңыз. Өз ісіңізді одан әрі кеңейтуіңіз мүмкін. Жақындарыңыз өз шарттарың қойып сізді түсінбеуі де мүмкін. Енсеңізді түсірмейуге тырысыңыз. Бəрі жақсы болады.

Шаян

Бүгін қалыптасып қалған салт -дәстүрді бұзыңыз. Тың ойлар туады. Оны жүзеге асыру үшін білім мен тәжірибе керек екенін ескеріңіз. Сіздің ішкі түйсігіңіз алдамайды соған сеніңіз. Сіз сеніп жүрген адамдардың ішінде сізді өз мақсатында пайдаланғысы келетіндер де бар, абай болыңыз.

Егіздер

Бүгін үй-ішіңізбен ара-қатынасыңыз жақсы болмайды. Əр мəселеге зейін қойып қарағаныңыз дұрыс болады. Бүгін сізден көп көмек күтеді, сол себепті өзіңіздің жүрегіңіздегі жылы шуақты шашуға дайын болыңыз. Сүйіктіңіз бүгін сізге көп қолдау береді.

Торпақ

Кәсібіңізде/ оқуыңызда абай болыңыз. Əр қадамыңызды басуға асықпаңыз. Сабыр сақтасаңыз көп келеңсіздіктерден айналып өтуіңіз мүмкін. Ұзақ мерзімге жоспар құрған адамдардың айы оңынан туып тұр. Жақсы көретін адамыңызға уақыт бөлуді ұмытпаңыз.

Тоқты

Достарыңызбен көзқарастарыңыз келіспей, еңсеңіз түсуі мүмкін. Сауда-саттық жасап,қыруар қаржы жұмсайсыз. Сол себепті де ақшаңызды үнемдеңіз. Бәрінен бұрын денсаулығыңызды күтіңіз.Кешкісін жылы үйде, отбасыңызбен бірге отырыңыз.

reactor.inform.kz
03 сәуір 2018 ж. 2 224 0