Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жұлдыз жорамал: 2 сәуір

Жұлдыз жорамал: 2 сәуір

Балықтар

Күннің орын алған жайттардың бәрі жақсы болып көрінгенімен күннің аяғына дейін көзқарасыңызды өзгертуіңіз мүмкін. Сіз мақтанып жүрген ісіңіз ойдағыдай болмауы да мүмкін. Сол себебті ойланып әрекет жасағаныңыз абзал. Таныстарыңыз берген ақылды бүгін тыңдамасаңыз да болады. Бүгін ішкі түйсігіңізге сеніңіз.
Суқұйғыш

Бүгінгі күн бар жағынан жағымды жаңалықтарға толы болмақ. Алайда, аяқсыз қалған жұмыстарыңызды ойлап басыңыз қатуы мүмкін. Жақындарыңыздың көмегінен бас тартпағаныңыз жөн.

Тауешкі

Күн сіздің ойлағаныңыздай болмаса да жақсы өтпек. Күн басында өте қиын мәселелермен беттесуіңіз мүмкін. Оның шешімін тек қана қолдаушыларыңыз бен беделді таныстарыңыз ғана шеше алуы ықтимал. Бұрын аяқсыз қалған істеріңізді жалғастырғаныңыз абзал. Сүйіктіңізбен сөйлескенде ашуға бой алдырмаңыз.
Мерген

Күн қарбаласқа толы болмақ. Тіптен оқиғанын бірінен кейін бірі орын алып жатқанына таң қалуыңыз да мүмкін. Уақыт өте келе мұндай қиындықтар менің өмірімде неге болып жатыр деген сауалдын да шешімін тапқандай боласыз. Өткен уақыт аралығында жіберген қателіктеріңіздің жазасы деп есептеп, дұрыс шешімдер қабылдағаныңыз жөн. Əр істе сабырлық танытыңыз.

Сарышаян

Осы жылдағы ең қиын күндердің бірі. Жұлдыздар сізді қолдамай, өз бетіңізбен шешім қабылдайтын кез. Қателіктерді бірінен кейін бірін жіберіп, енсеңіздің түсуі де ықтимал. Бірақ мойымаңыз бәрі өз қолыңызда. Ойланып, ішкі түйсігіңізге де ерік берсеңіз сынақтардан оңай өтуіңіз ықтимал.

Таразы

Өзіңіздің дегеніңіз болсын десеңіз нық қадамдар жасап, әрекет етіңіз. Сіздің орныңызға басқалар да шешім қабылдауы мүмкін. Болашаққа жоспарлар құрып, оның орындалуына алғашқы қадам бастайтын керемет күн. Кешкі кездесуден бас тартпаңыз.

Бикеш

Бикештер тез ойлап, ешкімнің ақылыңсыз өз бетімен әрекет етуінің арқасында қарсыластары мен көре алмайтын адамдарын алдын шаң қаптырып кетуі ықтимал. Дарыныңыздын арқасында елеулі жетістіктерге жетіп, жеке өміріңізде де айтарлықтай өзгерістер болуы мүмкін.

Арыстан

Ешкімнің қолдауынсыз, ақылынсыз қиын жұмыстардың да шешімін табу сіз үшін оңай болмақ. Сіздің тың ойларыңыз бен жобаларыңыз аз шығын арқылы жүзеге асуы ықтимал.

Шаян

Таныстарыңыздың арқасында жетістіктерге жетуіңіз мүмкін. Батылыңыз жетсе де өз бетіңізбен артық әрекет жасаудан сақ болыңыз. Жеке өміріңізге өзгеріс енгізбес бұрын, жеті рет өлшеп бір рет кескеніңіз жөн.

 Егіздер

Сіздің басқаруыңызбен өтетін күн қарбаласқа толы болмақ. Кәсібіңіз/оқуыңыз бен жеке өміріңізді ретке келтіргеніңіз жөн. Барынша сабыр сақтап, ашуыңызды ақылға жеңдіруге тырысыңыз. Маңызды шешімдер қабылдаудан сақ болыңыз.

Торпақ

Күн айтарлықтай жаңалыққа толы болмаса да, сәтті өтпек. Сіз алға қойған мақсатыңызға жету жолында не істеріңізді білмей есенгіреп қалуыңыз мүмкін. Сіздің жеткен жетістігіңіз еңбегіңіздің арқасында емес, біреулердің көмегімен келгенін естен шығармағаныңыз жөн. 

Тоқты

Бүгін өміріңізді жақсы жаққа өзгертуге мүмкіндік туады. Берілген мүмкіндікті қолдан жіберіп алмауға тырысыңыз. Қиындық тудырған проблемалар болса, оны жақын адамдарыңызбен ақылдаса отырып шешіңіз.
02 сәуір 2018 ж. 2 376 0