Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жұлдыз жорамал: 15 наурыз

Жұлдыз жорамал: 15 наурыз

Балықтар

Бүгін бір жақсы іс жасап, беделіңізді жоғарылатасыз. Белсенді болуға тырысыңыз. Міндетті түрде жолыңыз болады. Күннің екінші бөлігінде болашағыңыздың жарқын болуына әсер ететін тұлғалармен танысасыз. Олармен кездескенде сөз таластырудан аулақ болыңыз
Суқұйғыш

Қиын сәттер көп болады. Бірақ қуаныштысы одан да көп болады. Бүгін өзіңізге деген сенімділігіңіз артып, қолыңыздан көп нәрсенің келетінін байқайсыз. Ол жан тыныштығын қамтамасыз етеді.


Тауешкі

Тауешкілердің бәрін өз күшімен істеймін деп көмектен бас тартуы сәтсіздікке әкеліп соғады. Қаржы жағына өте абай болыңыз. Дұрыс таныспаған адамдармен сөйлесуден аулақ болыңыз.


Мерген

Мойныңыздағы қыруар қарыздан құтылуды уайымдап, бойыңызды күйзеліс меңдеп кеткені анық. Өзіңізге мұнша психологиялық қысым түсірмей, тиісті жерлерге барып, жағдайыңызды түсіндіргеніңіз абзал. Жақын достарыңыз бен туыстарыңыздан көмек күтіңіз. Тұрмыстағы мәселенің бәрі реттеледі


Сарышаян

Бүгінгі күн болашаққа деген жоспарларыңызды құрып, алға ұмтылуға қолайлы уақыт. Мықты да сенімді достар табуға тырысыңыз. Достың саны көп, сапасы аз болмасын. Сүйікті адамыңызға көп көңіл бөлуді де естен шығармағаныңыз абзал. Кешке романтикалық кездесу болмақ.


Таразы

Бүгін орын алатын кейбiр жағдайлар сiздiң моральдық жағдайыңызды дұрыстауға мүмкiндiк бередi. Бүгін сүйгеніңізге деген iңкәрлiгiңiз күшейедi. Жұлдыздар осы уақытта өз отбасыңызбен немес сүйіктіңізбен қызықты, көрнектi жерлерге баруға кеңес бередi.

Бикеш

Кез келген жерде өзіңізді сенімді ұстауыңыздың арқасында, айналаңыздағы адамдардың ерекше назарыңа түсесіз. Алайда, жеке өміріңізбен бұл көзқарастарды араластырмағаңыз жөн. Себебі, басқа адамның сізге жағымды сөз айтуы сүйгеніңізге ұнамауы мүмкін.


Арыстан

Сыртқы келбетіңіз бен киім киісіңізге, тіпті шаш үлгіңізге де өзгеріс енгізіп, күтіміңізді күшейтсеңіз артық емес. Сізге көз салып жүрген адам бүгін сөз салуы ғажап емес.


Шаян

Олардың өмірі қызыққа толы.Иә, рас айтамыз жүрген жерлерінде тек күлкі менен мейірімділік қатар жүреді.Айналасындағы адамдардың бәріне сондай сүйкімді болып көрінеді. Ұнамды қылықтары өте көп.Осы жолыңыздан таймаңыз.


Егіздер

Ешкімге соқтықпай, тыныш қана өмір сүргендеріңіз абзал. Сыншы көз аз болған сайын, ісіңіз ілгері басады. Жұмыс орныңызды ешкім кедергі жасамайтындай етіп ұйымдастырыңыз. Бар күш-жігеріңізді жайлылық табуға бағыттаңыз.


Торпақ

Үйдегі ұрысқа аса қатты мән бермеңіз... Күніңіздегіден ерте оянғаныңыз жөн! Мақсатыңызға жәй, бірақ дұрыс қадам жасаудасыз.Ең бастысы алған беттен қайтпау.Сүйікті адаммен кездессеңіз онда бүгінгі кеш ерекше кеш болмак, есте қаларлықтай.

Тоқты

Бүгін орынсыз əзілге орын бермеңіз, кей адамдар оны дұрыс түсінбеуі мүмкін. Күніңіз сіздің жолыңызда көптеген мәселелердің туындауымен және оларды шешу арқылы табысқа жетуіңізбен ерекшеленеді.

Дереккөзі: "ЖЖ" топтамасынан 
15 наурыз 2018 ж. 3 263 0