Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жұлдыз жорамал: 7 наурыз

Жұлдыз жорамал: 7 наурыз

Балықтар

Алға қойған мақсатыңызға жетіп, аяқ асты пайда болған қиын мәселелердің шешуін оңай табасыз. Осы күнге дейін оқып-білген, көрген, жеткен дарыныңыз бен біліміңізді жиналған жұрттың алдында көрсетуге қолайлы уақыт.
Суқұйғыш

Күніңіз жақсы жаңалықтармен басталмақ. Ақшаңызды үнемдеп жұмсаңыз. Алдағы күндері өзіңізге мол қаражат керек болады.

Тауешкі

Бүгін сізде сәттілік фортунасы тек қаржылық мәселеде қолдап тұр. Сүйіктіңізбен бүгін кездесуді жоспарламаңыз,арты ренішке ұласуы мүмкін. Ширақ қимылдайтын адамдар қиындықтарын бүгін шешіп тастайды.


Мерген

Бақталастарының қарсылығына тап болады. Байқағыштық қасиетіңіз болмаса да, алдыңызда қасқайып күтіп тұрған қиындықты оңай шешесіз. Құдды жаныңызда періште көмектесіп жүргендей әсерде боласыз. Достарыңызбен көңілді кешке барып, өзіңізге жаңа өмірдің есігін ашасыз.


Сарышаян

Бүгін сіздің əр нəрсеге қызуғушылығыңыз артады, көп сұрақтарға жауап алып мен көп нəрселерді сатып алғыңыз келеді. Бірақ, бұл əрекетіңіз көпшілікке ұнамауы мүмкін, сол себепті өз іс-əрекетіңізге сақ болыңыз. Əр тығырықтан өзіңзге тəн күлкімен жеңіл шығуға тырысыңыз. Өмір тым қысқа түңіліп жүруге, уайымға берілуге!


Таразы

Үміт артқан адамдарыңыздан көңіліңіз қалуы да мүмкін. Алайда күн ортасында жаңа жұмыстар бастап, жетістікке жетуіңіз мүмкін. Кей қиындықтардың шешімін уақытқа қалдырып, сабыр сақтағаныңыз жөн болмақ.

Бикеш

Сіз əрдайым өзіңізге əлі де өмір сүріп үлгеремін деп қайталай бересіз. Неге бүгін тындыра алатын істі ертеңге қалдырмаңыз!

Арыстан

Жұлдыздар бүгін сіздерге жаңа адамдармен танысуға кеңес береді. Осылайша өзіңізге пайдасы тиетін адамдарды жолықтырасыз. Мұнымен қатар, бұл күндері білім алуға кеңес беріледі. Бір нәрсені түсінбей қалсаңыз, сұрауға қысылмаңыз.

Шаян

Бүгін сізге ешкім көмектеспейтіндіктен, қиындықтарыңызды өзіңіз шешуіңізге тура келеді. Жаңа адамдармен қауышып, үлкен табысқа кенелесіз. Бүгін бастысы таңдауды дұрыс әрі жылдам жасап үлгеріңіз. 

Егіздер

Бүгін тосын сый алуыңыз ғажап емес. Күннің ортасына қарай жағдай жақсы жағына қарай бiраз өзгередi. Өзіңізді техникалық жабдықтардан аулақ ұстағаныңыз абзал. Кешкі уақытыңызды таза ауада серуендеумен өткізіңіз.


Торпақ

Жолы болғыш бұл жандар кез келген іспен қуана айналысады. Ал жеке өмірде ашулану, еркелеу сынды мінезден аулақ болыңыз. Айналаңыздағылардың пікіріне қосылуға міндетті емессіз. Бастысы қолыңыздан көп іс келетініне өзгеден бұрын өзіңіз сеніңіз.


Тоқты

Дос таңдау кезінде сеніміңізден шықпайтын адамдармен жолдас болмағаныңыз абзал. Өзіңіз сенімсіз болатын уәделерден бас тартқаныңыз жөн. Егер сіз жүрегіңіздің қалауын тапқан болсаңыз, онда сізге оған қатысты күдік маза бермейтін болады. Өз таңдауыңызды дұрыс жасағаныңызға сенімсіздікпен қарайтын боласыз.
07 наурыз 2018 ж. 2 726 0