Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жұлдыз жорамал: 12 наурыз

Жұлдыз жорамал: 12 наурыз

Балықтар

Балықтар үшін тынымсыз күн. Әсіресе, отбасылылар үшін. Ал бойдақтар үй шаруасынан да қашып құтыла алмайсыз. Бүгін кей ренжіскен адамдарыңызбен достасып,бүгін оның бәрін ретке келтіруге тырысыңыз.Ал ғашықтар үшін сәтті кезең, нағыз романтикалық кештер осы күннің еншісінде.
Суқұйғыш

Суқұйғыш көп уақытын отбасымен бірге немесе сүйіктілерімен, жақындарымен өткізгені абзал. Керек болса, жақындарыңызға қажетті жақсы сый алып, оның бәрі сіздің көңіл-күйіңізді көтере түспек.

Тауешкі

«Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» дегенді басшылыққа алғаны дұрыс. Бүгін тауешкілерге шығыны еселенгелі тұр.Кешкі мезгіл романтикалық кездесулерге қолайлы.

Мерген

Бүгін қақтығысқа толы күн болмақ. Әрине, сіз «қырқысудың» кінәсі өзіңізде екенін түсіне бермейсіз. Қалай болғанда, күніңіз «күресумен» өткелі тұр.Сабырлы болыңыз.


Сарышаян

Сарышаяндар бүгін белсенділік танытып, жеке басының жағдайына көңіл бөлгені дұрыс. Сыртқы келбетіңіз бен киім киісіңізге, тіпті шаш үлгіңізге де өзгеріс енгізіп, күтіміңізді күшейтсеңіз артық емес. Сізге көз салып жүрген адам бүгін сөз салуы ғажап емес.

Таразы

Жұлдыздар Таразыларға бүгін тыныш, жайлы өмір сүруді ұсынады. Аса маңызды шаруаны жоспарламаңыз. Өзіңізге демалыс жариялап, ішкі жандүниеңіздің қалыпқа келуін қадағалаңыз. Таза ауада қыдырыңыз. 

Бикеш

Қай істе де сабыр сақтаңыз. Бұл күннің сізге тартар сыйы бар, жағымды жаңалық күтіңіз. Көп уақытыңызды достарыңызбен өткізуге тырысыңыз.


Арыстан

Арыстан бүгін жұртшылық назарының нысанына айналғалы тұр. Көпшілік арасынан ерекшеленіп, көзге ілігесіз.Сондай-ақ, бұл қандай да бір байқаудың жеңімпазы атануыңыз мүмкін.Ұзақ жолға шықпағаныңыз дұрыс.


Шаян

Сақтықта қорлық жоқ. Бүгін Шаяндар мейлінше абай болғаны абзал.Бөтен кісінің ақшасынан аулақ жүріңіз, қарыз алмаңыз,қарызға бермеңіз. Күннің өзгешілігі тартымды танысулар, романтикалық кездесулер күтіп тұр.

Егіздер

Егіздер үшін бүгінгі күн керемет күн. Бүгін үй тірлігіне қол ұшын тигізіп, туыстарыңыздың ризашылығын аласыз. Кішкене болса да сүйіктіңіздің көңілінен шығуға тырысыңыз.

Торпақ

Торпақтарға аянбай еңбек етуге тура келіп тұр. Ал тынымсыз жұмыс денсаулыққа да өз зиянын тигізбей қоймайды. Сондықтан екі жақты да тепе-тең ұстап, күш-жігеріңізді үнемдегеніңіз жөн. 


Тоқты

Ғашық жандарды бүгін сәл қиындықтар күтіп тұр. Сіздің сүйікті адамыңыз аяқ астынан өзгеріп шыға келуі мүмкін, әрине, бұл жағдай сіздің ішкі дүниеңізді тас-талқан етері анық. Сүйікті адамыңызбен достарыңыздың бірі қақтығысып қалуы ықтимал. Егер таңдау жаса десе, сүйіктіңізді таңдаңыз, өзі ашуы басылғасын бəрінен кешірім сұрайды.

Дереккөзі: Reactor 

12 наурыз 2018 ж. 4 210 0