Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жұлдыз жорамал: 20 наурыз

Жұлдыз жорамал: 20 наурыз

Балықтар
Бүгін сізге көптеген жақсы қасиеттеріңізді ашуға мүмкіндік тудырады. Соның ішінде тісіңіз батпай жүрген проблемаларды шешуге бел буасыз. Сондай-ақ қызықты және жағымды оқиғалар да осы күн еншісінде. Бүгінгі күннің басты ұраны "басты ұраны білек сыбана жұмыс істеу". Оның жемісін көп ұзамай көретін боласыз.

Суқұйғыш

Бүгін жеке өміріңізге ерекше назар аудару қажет болады. Абайсыздан жақын адамыңыздың көңілін қалдырып қоюыңыз да ықтимал. Жалпы бұл күн өзіңіздің ішкі жан дүниеңіздегі өзгерістерге құлақ салатын уақыт. Жауапты істі бастамас бұрын, барлық жаман-жақсыны таразылап көрген жөн.

Тауешкі

Бүгін құлағыңызды жағымды жаңалықтарға түре жүріңіз, өйткені олар көп болады. Ұзақ уақыт бойы мазалаған шаруаларыңыз оң шешіліп, жақсы көңіл-күй сыйлайтын болады. Бақытты кезеңдеріңізді отбасыңызбен немесе жақын адамдарыңызбен бөліскеніңіз дұрыс. Ең бастысы салмақтық пен сабырлық таныта біліңіз.

Мерген

Бүгін көбірек демалуға тырысыңыз. Қыруар шаруа жасаймын деп, сәтсіздікке ұшырап қалмаңыз. Бүгін ішінде жұлдыздар сізге белсенді болмауды жорып отыр. Асықпай-аптықпай жасаған ісіңіздің жемісін жейтін боласыз. Іскерлік жағдайыңыз немесе оқуыңыз біраз тыныштыққа кенелетін болады.


Сарышаян

Қыдыруға дайындалып жатқан сарышаяндардың жолы болмақ. Көңілді дос жарандардың ортасында көңілді кештерді өткізетін уақыт туды. Бірақ жаздай асыр салған шегіртке іспетті болып қалмаңыздар. Қажетті сәтте өз өзіңізді тоқтата білу қажет. Бұл қуаныштар да арыстандардың қалтасын қағып қалуы әбден ықтимал.


Таразы

Денсаулығыңызға назар аударыңыз. Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын ізде демекші күннің көзі қырауда және аязды күндері жұмыс істеуден бас тарта тұрған жөн болар. Сіздердің денсаулығының сыр беретін мезгілі осы айдың аяғына дейін созылуы мүмкін, сондықтан үйде көбірек уақыт өткізіп, өзіңізге-өзіңіз берік болғаныңыз абзал.


Бикеш

Жақсы мен жаманды ажырату адам баласына өте ауырға түсетін дүние. Бүгін жұлдыздар таразыларға барлық жақсы-жаманды айырып, таразалай білу қажет дейді. Жақын достарыңыздың сатқындығын сезгендей болуыңыз да әбден мүмкін, дегенмен барлығына сабырлық танытыңыз. Өмір ақ, қара жолақтардан тұратынын ұмытпаңыз.


Арыстан

Алыстағы туысқандарыңызбен жүздесулеріңіз мүмкін. Жақсылыққа жайылған ақ дастарқан үстінде бас қосуларыңыз ықтимал. Сізден жақындарыңыз үлкен жауапкершілікті күтетін болады. Ең бастысы бүгін сізге жағымды жаңалықтармен қатар жағымсызын да тарту етуі мүмкін. Қандай болған жағдайда да өз өзіңізге деген сеніміңізді жоғалтпаңыз.


Шаян

Салғырттыққа бой алдырмаңыз. Сәл ғана демалысыңыздың өзінде де үлкен жұмыс туындауына алып келеді. Сондықтан аса белсенді болып, кішкентай іске де баса назар аударғаныңыз жөн. Бұл күн сізге қиындау түскенімен, кейін жемісін де өзіңіз көретін боласыз. «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» дегенді естен шығармаңыз.


Егіздер

Бүгінгі күннің ырысы жетіп артылады. Тек барлығына көңіл бөліп үлгерсеңіз болғаны. Бастаған барлық ісіңізде жетістікке жетесіз, ол қызметте болсын, жеке өміріңізде болсын. Шығармашылық жолда жүрген егіздердің өмірі жаңа шабытқа толы болады.


Торпақ

Жақындарыңыздан көңіліңіз қалатын сәттер болуы мүмкін. Мойымаңыз, бар кеткен қателіктеріңізді түсініп, дұрыс шешім қабылдай білген жөн. Қатты шаршап жүргендіктен, өмірге деген көзқарасыңыз өзгерген. Бойыңыздағы барлық күш қуатыңызды жинап, тек алға ұмтылыңыз. Талаптының өрге жүзетінін ойыңызда ұстаңыз.


Тоқты

Адамның жаман қасиеттеріне назар аудармаған жөн. Достарыңыздың арасында бірқалыпты болғанымен, отбасыңызда түсініспеушілік орын алуы ықтимал. Жақындарыңыздың жаман жағын емес, жақсылығын көре білгеніңіз өзіңізге де жеңілдік алып келеді.

Дереккөзі: "ЖЖ" топтамасы 
20 наурыз 2018 ж. 2 994 0