Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » БҒМ 1-2 сынып оқушыларын дәстүрлі форматта оқытуды ұсынды

БҒМ 1-2 сынып оқушыларын дәстүрлі форматта оқытуды ұсынды

ҚР Білім және ғылым министрлігі жас ерекшеліктеріне байланысты 1-2 сынып оқушыларын дәстүрлі түрде, яғни мектепте оқытуды ұсынып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Еліміздің бүкіл өңірінде 1-2 сынып оқушылары дәстүрлі форматта оқығаны жөн. Олардың жас ерекшелігіне байланысты осындай шешімге келіп отырмыз. Қашықтан оқу оларға қиынға соғады. Ал 3-5 сынып оқушылары кезекші топ жүйесімен оқиды. Қалған сыныптар онлайн, яғни қашықтан білім алады. Дегенмен оқу форматының әр өңірдегі эпиджағдай мен бас санитар дәрігердің шешіміне байланысты екенін ұмытпау керек. Біз мысалы, 1-2 сынып оқушыларының мектепке барып оқығанын қолдап отырмыз. Ал іс жүзінде қалай болатынын бас санитар дәрігердің шешімі көрсетеді», деді ҚР Білім және ғылым министрлігі мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрағасы Гүлмира Каримова ОКҚ-де онлайн өткен баспасөз мәслихатында.
17 қаңтар 2022 ж. 602 0