Қызылордада донер ішінен есірткі заты табылды

Мекеме қызметкерлері жоғарыда аталған сотталғанға келген сәлем-сауқатты тексеру барысында 3 дана донер арасына салынған «өзіне тән хош иісі бар шөп тектес» заты тәркіленді.
Жедел түрде 102 нөміріне хабарланып, мекемеге Қызылорда қалалық Полиция басқармасының жедел-тергеу тобы шақыртылды.
Тәркіленген зат бойынша сот сараптама жұмыстары тағайындалып, қорытындысымен салмағы 31,18 граммды құрайтын «кептірілген марихуана» екені дәлелденді. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 297-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.
Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті