Қызылордада сотталғанмен кездесуге келген азаматтың сәлемдемесінен есірткі заты анықталды

Мекеме қызметкерлері кездесуге келген азаматтың сәлем-сауқатын тексеру барысында «State Line» темекі қорабына нығыздалып салынған 27 дана «жасыл түсті, өткір иісті» затты анықтаған.
Жедел түрде 102 нөміріне хабарланып, мекемеге Қызылорда қалалық Полиция басқармасының жедел-тергеу тобы шақыртылды.
Тәркіленген зат бойынша сот сараптама жұмыстары тағайындалып, қорытындысымен салмағы 20,22 граммды құрайтын «кептірілген марихуана» екені дәлелденді. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 297-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.
Түзеу мекемесі қызметкерлерінің қырағылығы мен жедел ұйымдасқан әрекетінің нәтижесінде мекеме аумағына есірткі затының кіріп кетуінің жол кесілді.
kyzylorda-news.kz