Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада түрмеде жатып, терроризмді насихаттаған екі адам анықталды

Қызылордада түрмеде жатып, терроризмді насихаттаған екі адам анықталды

Қызылордада түзеу мекемесінде жазасын өтеп жүрген екі азамат діни мазмұндағы қолмен жазылған парақтарды сақтағаны үшін тағы да бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл оқиға биылғы жылдың ақпан және сәуір айларында орын алған. Алдымен түзеу мекемесінде жазасын өтеп жүрген адамнан діни мазмұндағы қолмен жазылған парақтар табылған еді. Дәл осындай жағдай сәуір айында сол жерде жазасын өтеп жүрген тағы бір азаматтан тәркіленді.
«Тергеу амалдарын жүргізу барысында екі азаматтың да деструктивті діни ағымын ұстанушы екені анықталды. Олар өз айналасындағы қамауда жүрген өзге адамдарға терроризмді насихаттауға тырысқан. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 256-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілді. Онда терроризмдi насихаттау немесе терроризм актiсiн жасауға жария түрде шақыру жағдайы көрсетілген. Олардың қылмыстары толығымен дәлелденді», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.
Қызылорда қалалық сотының үкімімен сотталушылар кінәлі деп танылды. Оларға 1 жыл 6 ай және 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Бұдан бұрын Қызылордада мал ұрлығын кәсіп еткендер қолға түскен еді
07 қазан 2019 ж. 1 382 0