Адам өліміне әкеліп соқтырған жол-көлік оқиғасы

Сотталушының қылмыстық әрекеті, сотта өзінің айыбын мойындап берген жауабымен қатар, іс құжаттарымен толық дәлелденген.
Сот сотталушы Т-ны Қазақстан Республикасының ҚК-нің 345-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп тауып, көлік құралын басқару құқығынан 3 жыл мерзімге айыра отырып, 9 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады, жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерінде өтеуге деп белгіленген.
Сотталушының қылмыстық жауаптылығын және жазасын жеңілдететін мән-жайларға сот оның бұрын сотты болмағанын, тұрғылықты жерінен жақсы мінезделетінін, жасаған әрекетіне шын жүректен өкінетінін жатқызған.
Үкім заңды күшіне енбеген.
Арал аудандық сотының
баспасөз қызметі