Аса ірі мөлшердегі есiрткi затын заңсыз иемденіп, сақтап, тасымалдағаны үшін сотты болды

Сотталушының қылмыстық әрекеті, сотта өзінің айыбын мойындап берген жауабымен қатар, іс құжаттарымен толық дәлелденген.
Сот үкімімен сотталушы Ә. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 296-бабының 4-бөлігімен кінәлі деп танылып, 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Сотталушының қылмыстық жауаптылығын және жазасын жеңілдететін мән-жайларға сот оның бұрын сотты болмағанын, тұрғылықты жерінен жақсы мінезделетінін, жасаған әрекетіне шын жүректен өкінетінін жатқызған.
Үкім заңды күшіне енбеген.
Арал аудандық сотының
баспасөз қызметі