Түрмедегілерге есірткі бермекші болған күдікті ұсталды
Кептірілген марихуана лақтырмақшы болған азамат ұсталды. Бұл туралы Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаменті ЖД-158/7 Түзеу мекемесінің жедел бөлімі қызметкерлері түскен мәліметтерге сәйкес, жедел іздестіру-шаралары барысында үйінде кептірілген марихуана сақтаған азамат құрықталды.
"Жамбыл облысы Байзақ ауданы Талас поселкісі Б.Момышұлы көшесінің тұрғыны Аладин Сулейманов бұл затты ЖД-158/7 мекемесінің негізгі қоршауы бойынша лақтырмақшы болғандықтан сақтағанын мойындап отыр" - делінген хабарламада.
Тексеру барысында бұл азаматтан өсімдік тектес, жасыл түсті, ерекше иісі бар зат табылды. Жүргізілген сот-химиялық сараптама қорытындысы бойынша, аталған зат салмағы 1 кг 80 гр «кептірілген марихуана» екендігі анықталып отыр.
https://baq.kz