Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » МӘМС жарнасын қалай төлеуге болады?

МӘМС жарнасын қалай төлеуге болады?

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (әрі қарай – МӘМС) Қазақстанның барлық сақтандырылған азаматтарына, жынысына, жасына, әлеуметтік мәртебесіне, тұрғылықты жері мен табысына қарамастан медициналық және фармацевтикалық көмекке тең қолжетімділікті кепілдік береді. Міндетті шарт – төлем күнінің алдындағы 12 айдан аспауға тиіс («МӘМС туралы» ҚР Заңының 3-тармағының 5-бабына сәйкес).
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Қызылорда облысы бойынша филиалының бөлім басшысы Абылайхан Рахымов кімге және қандай сомаға төлеу керектігін толық ақпарат берді.
Жалдамалы жұмысшы
2022 жылы жұмыскердің еңбек ақысының 3%-ын құрайды, бірақ 18 мың теңгеден артық емес, өйткені есептеу объектісі 10 ЕТЖ - 3%-ынан аспауы тиіс.
Жарнаны екінші деңгейдегі банктің кез келген бөлімшесі немесе Қазпошта арқылы келесі шотқа аудару қажет:
KZ92009MEDS368609103
БСН 160440007161
BSK GCVPKZ2A
Жұмыс берушілердің жарналары үшін төлем мақсаттарының коды: 121.
Егер қызметкер 15 жеңілдікті санаттардың біріне жататын болса, онда ол үшін аударым жасаудың қажеті жоқ.
Жеке кәсіпкер, жеке нотариус, адвокат, кәсіби медиатор, шаруа қожалығының иесі
2022 жылы төлем 4200 теңгені құрайды (ең төменгі жалақының 1,4 мөлшерінен 5%-ы)
МӘМС үшін төлемді екінші деңгейлі банктің кез келген филиалы, «Қазпочта» АҚ, Kaspi.kz мобильді қосымшалары, TengriBank, сондай-ақ Kassa 24 және Qiwi әмиянның қызмет көрсету терминалдары арқылы аударуға болады.
ЖК төлем мақсатының коды: 122
Азаматтық-құқықтық сипаттағы келісім шарты бойынша жұмыс істейтін жеке тұлға
АҚС бойынша жұмыс істейтін жеке тұлғаның табысынан жарналарды ұстап қалады және көрсетілетін қызметті алушы (салық агенті) аударады.
2022 жылы - шарт бойынша алған табыстың 2%-ы,
бірақ 12 мың теңгеден артық емес, өйткені есептеу объектісі 10 ЕТЖ - 2%-ынан аспауы тиіс.
Төлем мақсатының коды: 122
Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар (Бірыңғай әлеуметтік төлемдер төлеушілер)
2022 жылы жарна сомасы 1 АЕК немесе 3 063 теңгені құрайды - қалаларда тұратын жеке тұлғалар үшін, басқа елді мекендерде тұратын жеке тұлғалар үшін - 0,5 АЕК немесе 1 531,5 теңге.
БЖТ-ны әрбір ай үшін бөлек төлеу қажет.
Төлем мақсатының коды: 183
Дербес төлеуші (тұрақты табысы жоқ және азаматтардың жеңілдікті санаттарының тізіміне енгізілмеген жеке тұлға)
2022 жылы төлем 3000 теңгені құрайды (ең төменгі жалақының 5%-ы).
Төлем мақсатының коды: 122
Сіз жарналарды төлеу екінші деңгейдегі банктер және олардың интернет-сервистері, Kaspi.kz, Halyk Bank мобильді қосымшалары, «Қазпошта» АҚ бөлімшелері, төлем терминалдары (Qiwi, Kassa24 және т.б.), медициналық ұйымдардағы төлем терминалдары арқылы аудара аласыз.
Алушының ЖСН мен аты-жөнін дұрыс көрсету, 2-3 жұмыс күні ішінде қаражаттың қайтарылуын тексеру маңызды.
Медициналық сақтандыру жүйесінде мәртебеңізді қалай тексеруге болады?
- Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының ресми сайты. «Мәртебені анықтау» нүктесі оң жақта орналасқан. Соны басып, ЖСН көрсету жеткілікті;
- Egov.kz электрондық үкімет порталы (жеке кабинетте және «Денсаулық сақтау» бөлімінде);
-Telegram-дағы Saqtandyru-bot («Сақтандырылу мәртебесін тексеру» бөлімін таңдаңыз, ЖСН енгізіңіз);
- Qoldau-24/7 мобильді қосымшасы («Сақтандырылу мәртебесін тексеру» бас мәзірінде);

27 қаңтар 2022 ж. 425 0