Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 2021 жылы МӘМС үшін кімге және қанша төлеу керек?

2021 жылы МӘМС үшін кімге және қанша төлеу керек?

Қызылорда облысында халықтың 80% - дан астамы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің қатысушылары болып табылады. Сонымен қатар, сақтандыру мәртебесіне қарамастан барлық азаматтарға жедел көмек көрсетіледі, деп хабарлады Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының облыстық филиалының директоры Бақыт Исмаханбетов.ӘМСҚ филиалының басшысы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі жарнаның мөлшеріне қарамастан, барлық сақтандырылған азаматтар үшін қызметтер пакетіне тең қол жетімділікке негізделгенін баса айтты. МӘМС бойынша көмекке жүгінген кезде пациент медициналық қызметтердің көлемі мен құнын шектемейді. Қор филиалында міндетті медициналық сақтандыруды кімге қаншаға және қайда төлейтінін түсіндірді.Сақтандыру мәртебенізді ыңғайлы түрде тексеріңіз:
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының fms.kz сайты (оң жақ төменгі бұрыштағы қалқымалы терезе)
Электрондық үкіметтің egov.kz веб-сайты (жеке кабинетте және «денсаулық сақтау» бөлімінде)
Telegram-дағы SaqtandyryBot («Сақтандыру мәртебесін анықтау» басты мәзірінде)
Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы («Сақтандыру мәртебесін анықтау» басты мәзірінде)

Міндетті медициналық сақтандыру үшін қанша төлеу керек?
Егер сіз сақтандырылмаған болсаңыз, төлеуші санатына қарай МӘМС-ға ай сайынғы төлем мөлшерін анықтаңыз:
Азаматтардың 15 жеңілдікті санаты-жарналарды мемлекет төлейді
Жалдамалы жұмыскер - төлемді жұмыс берушінің бухгалтерия бөлімі жарналарды есептеу объектісінің 2% – ы (салыстыру үшін, 2020 жылы-1%) және еңбекақы төлеу қорының 2% - ы мөлшерінде жүргізеді
Жеке кәсіпкерлер, шаруа қожалықтарының иелері, жеке практикамен айналысатын жеке тұлғалар - 1,4 ең төменгі жалақының 5% -ы (ең төменгі жалақы 2021 ж. 42 500 теңгені құрайды, сондықтан төлем мөлшері өзгеріссіз қалады - 2 975 теңге)
Өзін – өзі жұмыспен қамтығандар (жалдамалы қызметкерлерсіз және ЖК тіркеусіз қызмет көрсететін тұлғалар)/ Бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер – республикалық және облыстық маңызы бар қалалар үшін 1 АЕК (01.01.2021 ж.- 2917 теңге), басқа елді мекендер үшін - 0,5 АЕК (01.01.2021 ж. - 1458,5 теңге)
Дербес төлеуші - 1 ең төменгі жалақыдан 5% (2021 жылы ЕТЖ мөлшері өзгермегендіктен 2125 теңге).
АҚС шарты бойынша жұмыс істейтін жеке тұлғалар – табыстан 2% (2020 жылы 1% ұсталды), бұл ретте ең жоғары мүмкін төлем 8500 теңге яғни 10 ең төменгі жалақыдан 2%, 425000 x 2% = 8500).

МӘМС үшін қайда төлеу керек?
Сіз жарналарды төлеп, сақтандырыла аласыз:
- Екінші деңгейдегі банктер және олардың интернет-сервистері;
- Kaspi.kz мобильді қосымшасы;
- «Қазпочта» АҚ филиалдары;
- төлем терминалдары (Qiwi, Kassa24 және т.б.)
- медициналық ұйымдарда жедел төлем үшін терминалдар.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалдың
халықты ақпараттандыру және өтініштерді қарау жөніндегі бөлімі

10 наурыз 2021 ж. 724 0