Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 2021 жылы МӘМС үшін кімге және қанша төлеу керек?

2021 жылы МӘМС үшін кімге және қанша төлеу керек?

Сақтандыру мәртебенізді ыңғайлы түрде тексеріңіз: Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының fms.kz сайты (оң жақ төменгі бұрыштағы қалқымалы терезе)Электрондық үкіметтің egov.kz веб-сайты (жеке кабинетте және «денсаулық сақтау» бөлімінде)
Telegram-дағы SaqtandyryBot («Сақтандыру мәртебесін анықтау» басты мәзірінде)
Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы («Сақтандыру мәртебесін анықтау» басты мәзірінде)

Міндетті медициналық сақтандыру үшін қанша төлеу керек?
Егер сіз сақтандырылмаған болсаңыз, төлеуші санатына қарай МӘМС-ға ай сайынғы төлем мөлшерін анықтаңыз:Азаматтардың 15 жеңілдікті санаты-жарналарды мемлекет төлейді
Жалдамалы жұмыскер – төлемді жұмыс берушінің бухгалтерия бөлімі жарналарды есептеу объектісінің 2%-ы (салыстыру үшін, 2020 жылы-1%) және еңбекақы төлеу қорының 2%-ы мөлшерінде жүргізеді
Жеке кәсіпкерлер, шаруа қожалықтарының иелері, жеке практикамен айналысатын жеке тұлғалар – 1,4 ең төменгі жалақының 5%-ы (ең төменгі жалақы 2021 ж. 42 500 теңгені құрайды, сондықтан төлем мөлшері өзгеріссіз қалады – 2 975 теңге)
Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар (жалдамалы қызметкерлерсіз және ЖК тіркеусіз қызмет көрсететін тұлғалар)/ Бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер – республикалық және облыстық маңызы бар қалалар үшін 1 АЕК (01.01.2021 ж. – 2917 теңге), басқа елді мекендер үшін – 0,5 АЕК (01.01.2021 ж. – 1458,5 теңге)
Дербес төлеуші – 1 ең төменгі жалақыдан 5% (2021 жылы ЕТЖ мөлшері өзгермегендіктен 2125 теңге).
АҚС шарты бойынша жұмыс істейтін жеке тұлғалар – табыстан 2% (2020 жылы 1% ұсталды), бұл ретте ең жоғары мүмкін төлем 8500 теңге яғни 10 ең төменгі жалақыдан 2%, 425000 x 2% = 8500).

МӘМС үшін қайда төлеу керек?
Сіз жарналарды төлеп, сақтандырыла аласыз:– Екінші деңгейдегі банктер және олардың интернет-сервистері;
– Kaspi.kz мобильді қосымшасы;
– «Қазпочта» АҚ филиалдары;
– төлем терминалдары (Qiwi, Kassa24 және т.б.)
– медициналық ұйымдарда жедел төлем үшін терминалдар.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалдың халықты ақпараттандыру және
өтініштерді қарау жөніндегі бөлімі
06 қаңтар 2021 ж. 537 0