Қызылорда облысы бойынша медициналық ұйымдарға 17,34 млрд теңге қаржы төленді

2021 жылға Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының филиалымен 59 медициналық қызмет көрсетушілермен келісім - шарт жасалды, оның ішінде – 29 мемлекеттік медициналық ұйым, 30 - жеке меншік.
Барлығы 65,82 млрд теңгеге шарттар жасалды, оның ішінде 42,81 млрд теңге (65,04%) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде, 23,01 млрд теңге (34,96%) МӘМС қаржысы құрайды.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалдың
халықты ақпараттандыру және өтініштерді қарау жөніндегі бөлімі