МӘМС: Қызылордада медициналық ұйымдарға 54,69 млрд теңгеден астам қаржы төленді

54,69 млрд теңгенің 36,96 млрд теңгесі тегін медициналық көмектің кепілдік көлеміне берілген, 17,73 млрд теңгесі МӘМС аясындағы қызметтерге бөлінген.
2020 жылға Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының филиалымен 55 медициналық қызмет көрсетушілермен келісім – шарт жасалды, оның ішінде – 28 мемлекеттік медициналық ұйым, 27 – жеке меншік.
Барлығы 60,9 млрд теңгеге шарттар жасалды, оның ішінде 44,3 млрд теңге (72,7%) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде, 16,6 млрд теңге (27,3%) МӘМС қаржысы құрайды.
kyzylorda-news.kz