Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Балалар мемлекеттің қорғауында

Балалар мемлекеттің қорғауында

Kyzylorda-news.kz. 1 маусым-Халықаралық балаларды қорғау күні. Ата-аналар сүйікті балаларының қамқорлығын туғаннан бастап, сәбидің алғашқы қадамдарының пайда болуымен, сүйіспеншілігімен және мұқият ықыласымен сезіне отырып, қорғаштайды.
Осы маңызды кезеңде өсіп келе жатқан ағзаға толыққанды тамақтану, дұрыс күн тәртібі, білікті медициналық көмек және кеңес қажет етеді.
2020 жылғы 1 қаңтардан бастап МӘМС жүйесінде сақтандырылу санатына өту үшін 18 жасқа дейінгі барлық балаларға мемлекет орташа айлық жалақының 5% мөлшерінде ай сайынғы жарналарды төлейді. Жалпы, мемлекет азаматтардың 15 жеңілдік санаттары үшін жарналар төлейді. (толығырақ: https://fms.kz/ru/content/lgotnym-kategoriyam-grazhdan)
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Бақыт Исмаханбетовтың айтуынша, бүгінде Қызылорда облысында 317 мыңнан астам бала бар. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және МӘМС аясында балалардың патронажы, пломба орнату және тістерді жою бойынша стоматологиялық қызметтерді ала алады. Сондай-ақ, 18 жасқа дейінгі балаларға консультациялық – диагностикалық қызметтер (зертханалық, диагностикалық қызметтер, балаларға мамандандырылған тексерулер және т. б.) қолжетімді.
ӘМСҚ облыстық филиалының басшысы түсіндіріп өткендей, аталған қызметтерді алу үшін тіркелген жердегі емханаға жүгіну қажет. Жалпы тәжірибелік дәрігер немесе тар буынды дәрігер Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының деректер базасында орналасқан медициналық ұйымға жолдама беру арқылы медициналық қызмет алуға мүмкіндік мүмкіндік береді.
Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылға Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының филиалымен 55 медициналық қызмет көрсетушілермен келісім – шарт жасалды, оның ішінде – 28 мемлекеттік медициналық ұйым (50,9%), 27 жеке меншік (49,1%).
Барлығы 59,2 млрд теңгеге шарттар жасалды, оның ішінде 43,3 млрд теңге (73,1%) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде, 15,9 млрд теңге (26,9%) МӘМС қаржысы құрайды.
27 мамыр 2020 ж. 783 0