Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Назар аударыңыз: 2020 жылы МӘМС басталады!

Назар аударыңыз: 2020 жылы МӘМС басталады!

2020 жылдан бастап Қазақстан міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне көшеді. Бұл дегеніміз, науқастарды қабылдау және емдеу жаңаша болады деп хабарлайды kyzylorda-news.kz.
Сіздің назарыңызға МӘМС туралы қысқаша мәліметті ұсынамыз.  
Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі Қазақстанның азаматтарына, оралмандар мен Қазақстанда тұрақты тұрып жатқан шетелдіктерге толық көлемде қолжетімді болады.  Уақытша тұрып жатқан шетелдіктерге- жедел түрде ауруханаға жатқызу және айналадағы адамдарға қауіп төндіретін ауруларды емдеу қолжетімді болады. Бұдан басқа, негізгі әлеуметтік маңызы бар және созылмалы жұқпалы емес ауруларды емдеу барысында медициналық көмектің толық көлемі мен тегін дәрімен қамтамасыз ету қолжетімді болады.  
Қазақстанның сақтандырылған азаматтары МӘМС жүйесінде жоспарлы стационарлық көмекті, консультативтік-диагностикалық көмекті, барлық деңгейдегі медициналық оңалтуды, амбулаториялық-емхана және стационарлық көмек көрсету барысында дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді ала алады.   
Сақтандыру пакетіне 18 жасқа дейінгі балалардың профилактикалық медициналық тексеруден өткізу, диагностикалық көмек, бағасы қымбат диагностикалық және лабораторлық зерттеулер (көрсетілімі бар жағдайда маманның жолдамасымен) кіреді.   
МӘМС қызметкерлердің және жұмыс берушінің МӘМС жүйесіне төлеген жарналардың жиынтығынан едәуір асатын бағасы қымбат жоғары мамандырылған медициналық көмекті алуға мүмкіндік береді.  

2020 жылғы 1 қаңтарынан бастап жарналар мен төлемдердің көлемі: 

•    Жұмыс берушілер үшін  – жалақының қорынан 2%;  
•    Жалдамалы жұмысшылар үшін – табыстың 1%-ы;
•    Жеке кәсіпкерлер, шаруа қожалықтар және жеке іс тәжірибемен айналысатын тұлғалар үшін – 1,4 ЕТЖ  5%-ы; 
•    АҚКШ бойынша жұмыс жасайтын тұлғалар үшін – табыстың 1%-ы;
•    Өзге тұлғалар – 1 ЕТЖ 5%-ы; 

Сондай-ақ, жұмыс берушілер мен жеке кәсіпкерлер 15 санаттағы азаматтар үшін аударымдар төлеуден босатылған. Бұл: 18 жасқа дейінгі балалар, жұмыссыз ретінде ресми тіркелген адамдар, жұмыс істемейтін жүкті әйелдер, зейнеткерлер, оның ішінде Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектер және т.б. (толығырақ https://fms.kz/ сайтында). 2020 жылдан бастап бұл азаматтарға ЕТЖ 1,4% -ы көлеміндегі төлемдерді мемлекет жасайтын болады.

Егер сіз жалдамалы жұмысшылардың қатарына жатпайтын болсаңыз, бала күтуші немесе жеке тасымалдаумен айналысатын болсаңыз, атап айтқанда келісім шартсыз қызмет көрсететін болсаңыз, сіз Бірыңғай жиынтық төлем аудара аласыз.   Республикалық маңызы бар қалалар үшін- 1 АЕК - 2 651 теңге, басқа елдімекендер ұшін -0,5 МЗП - 1326 теңге. Бұл ай сайынғы сомаға барлық салықтар мен төлемдер кіреді (ЖТС, ӘТ, МЗЖ, МӘМС). 

    Егер сіз жұмыс орныңызды әр түрлі себептермен ауыстырған болсаңыз, сіздің 3 ай көлемінде МӘМС жүйесінде медициналық көмекті алуға құқығыңыз бар. Бұл жағдайда, МӘМС-ға төлем жасалған соңғы ай есепке алынады.  Алайда, жұмысқа қайта орналасқан жағдайда, бұл қарызды төлеу қажет.   

ТМККК және МӘМС пакеттері бойынша көрсетілетін медициналық көмек туралы қажетті мағлұматты біле аласыз:  
•    Өзіңіздің жалпы тәжірибе дәрігеріңізден; 
•    Әлеуметтік медициналық сақтандыру Қорының сайтында (https://fms.kz);
•    1406 Call -орталығында;
•    Қызылорда қаласы, Абай даңғылы, 27 (байланыс тел: 8(7242) 290382, 290569) мекен жайында орналасқан Әлеуметтік медициналық сақтандыру Қорының филиалында 

«ӘМСҚ» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының 
халықты ақпараттандыру және өтініштерді қарау бөлімі
25 желтоқсан 2019 ж. 1 101 0