Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Бүгін ауа райы қандай болады?

Бүгін ауа райы қандай болады?

Атмосфералық фронттар Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипатына себепші болады, деп хабарлайды Қазгидромет.
Жауын-шашын болады, күндіз оңтүстіктің таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Жел күшейіп, бұрқасын соғады, көктайғақ болады. Тек еліміздің орталығы мен шығысында антициклон ықпалымен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша кей жерлерде тұман түседі.
Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында – көктайғақ, солтүстігінде – тұман, батысында және шығысында – желдің күші 15-20 м/с жетеді.
Түнде Түркістан облысының оңтүстігінде батысында, таулы аудандарында тұман түседі. Таңертең және күндіз өңірдің батысында, солтүстігінде, таулы аудандарда жел екпіні 23 м/с болады.
Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман, орталықта жел қарқыны 15-20 м/с дейін күшейеді. Күннің екінші жартысында көктайғақ болады, бұрқасын соғады.
Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі, солтүстік-шығысында күндіз жел екпіні 23 м/с жетеді. Күндіз облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарда көктайғақ болады.
Қарағанды облысының батысы мен оңтүстігінде желдің жылдамдығы – 15-20 м/с.
Батыс Қазақстан облысының батысы мен оңтүстігінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, Атырау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында, Ақтөбе облысының солтүстік-шығысында, Солтүстік Қазақстан облысының батысында, Павлодар облысының оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, түнде және таңертең Алматы облысының оңтүстігінде, Ақмола облысының батысында тұман түседі.

kyzylorda-news.kz
28 қаңтар 2022 ж. 374 0