Қызылордада мемлекеттік қызметшілердің саны қысқартылды

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушы Берікбол Байхожаев хабарлады.
2021 жылы мемлекеттік қызмет саласында заңнаманың сақталуы бойынша 25 тексеріс жүргізіліп, 665 заң бұзушылық анықталды. Бұл бойынша тиісті құқықтық шаралар қаралды. Ал Әдеп жөніндегі кеңестің шешімімен он мемлекеттік қызметші тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Тәртіптік жазаға тартылғандар арасында 1 облыстық департамент басшысының орынбасары, 6 кент, ауылдық округ әкімдері, 2 аудандық дербес бөлім басшысы, 1 өзге де лауазымды тұлға бар. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, былтыр Президенттік жастар кадр резервіне екінші рет іріктеу жүргізілген болатын. Резерв іріктеуіне еліміздің барлық аймағынан 8 638 азамат, ал Қызылорда облысынан 435 азамат қатысты, – деді Берікбол Байхожаев.
Айта кетейік, мемлекеттік қызметшілер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында «Бірыңғай құқықтық оқыту» жобасы іске асырылған. Жиі құқық бұзушылық орын алатын салалар бойынша құзырлы мемлекеттік органдардың тізімі жасақталып, онлайн форматта 9 рет құқықтық оқыту өткізілді
kyzylorda-news.kz