Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда гарнизонында жауынгерлік атыс жалғасуда

Қызылорда гарнизонында жауынгерлік атыс жалғасуда

Қызылорда гарнизонының әскери бөлімінде санитарлық эпидемиологиялық талаптар сақталып, жаңа оқу кезеңінің жауынгерлік әзірлік жоспарына сәйкес бөлімшелер мен шағын топтардың жауынгерлік атыстары жүргізіліп жатыр.


Әскери бөлімініңбөлімшелеріоқу-жауынгерлік тапсырмаларды жүзеге асыру мақсатында «Тереңөзек» оқу-жаттығу полигонында тактикалық дайындық бойынша нормативтерді орындау шеберліктерін шыңдауда. Жауынгерлік оқ атуды жүргізу үшін бөлімшенің барлық қару түрлерінен атыстың жүргізілуін көздейтін жағдай қарастырылған. Бөлімшелердің жауынгерлік атыстары кезінде бақылау, басып алу және оқпен қолдау бөлімшелері «Бөлімше торуылда» тақырыбында заңсыз қаруланған топтың техникасын тоқтатып, қару-жарақтары мен құжаттарының үлгілерін алу бойынша тапсырмаларды орындады.
Негізгі мақсат – бөлімше және шағын топ командирлерінің жауынгерлік ұрыста және жоспар бойынша кенеттен туындаған жағдайда дұрыс шешім қабылдауын, сондай-ақ оларды басқаруын тексеру.
Осы жолы оқ атулардың 65%-ы түнгі уақытта өткізу жоспарлануда. Бірінші күннен бастап-ақ барлық бөлімшелер өз белсенділіктерін көрсете бастады.
– Жауынгерлік атыстар кезінде бөлімшелер қауіпсіздік шараларын қатаң сақтай отырып, ұрыста штаттық қаруды шебер әрі тиімді пайдалануға айрықша назар аударды. Жақсы нәтиже көрсете білген кіші топтар да анықталып жатыр. Барлық тапсырмалар мен жаттығулар жауынгерлік ұрыс қимылдарынакелтірілген жағдайда жүзеге асырылуда,– дейді рота командирі капитан Нұрахмет Сейдахметов.
Атап айтсақ, бөлімшелердің жауынгерлік атыстары жеке құрамның теориялық білімдерін нығайтуға, жаңа қосылған жауынгерлердің тәжірибе алмасуына және жалпы роталардың қызметтік міндеттерін сапалы орындауына оң ықпал ететіні сөзсіз.

Мұхит ҚОНАРОВ,
Қызылорда гарнизоны баспасөз қызметінің бастығы, 
лейтенант  
07 ақпан 2022 ж. 398 0