Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Әлеуметтік қорғау мәселелер бойынша заңнамаға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар

Әлеуметтік қорғау мәселелер бойынша заңнамаға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар

ҚР «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы 12 қазандағы Заңымен (бұдан әрі – Заң) қолданыстағы заңнамаларға тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
  • Атап айтқанда, Заңмен ҚР «Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңына (13.04.2005ж. )толықтырулар енгізіліп, аталған Заңның 13-бабы 6- тармағына сәйкес, мүгедектiк тобы жеті жастан бастап белгiленетін болды. Яғни, бұған дейін Қазақстанда мүгедектік 16 жасқа дейін «мүгедек бала» санаты бойынша және мүгедек балалар 16 жастан бастап 18 жасқа дейін ғана топтарға бөлінетін болса, енді 7 жастан 18 жасқа дейінгі мүгедек балалар тіршілік-тынысының шектелуі дәрежесіне қарай 3 топқа бөлінеді.
Осыған байланысты, "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы" ҚР Заңына (16.06.1997ж.) өзгерістер енгізіліп, жәрдемақылардың мөлшері мүгедектік тобына қарай көбейді.
Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап облыс бойынша 7 жастан 16 жасқа дейінгі 3080 «мүгедек бала» санатындағы балаларға мүгедектік топтары, яғни 394 балаға «бірінші топтағы «мүгедек бала» санаты, 477 балаға екінші топтағы «мүгедек бала» санаты, 2209 балаға үшінші топтағы «мүгедек бала» санаты белгіленіп, сәйкесінше, мүгедектік тобына қарай төленетін жәрдемақының мөлшері 16,7%-дан 37 %-ға дейін ұлғайтылды.
Нәтижесінде 2021 жылы I топтағы мүгедек баланың мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақысының мөлшері 48023 теңгеден 65860 теңгеге дейін (17837 т.), II топтағы 48023 теңгеден 54541 теңгеге дейін (6518 т.) көбейді, III топтың жәрдемақы мөлшері өзгеріссіз, 48023 теңге мөлшерінде қалды.
 Ал ағымдағы жылдан бастап I топ мүгедектігі бар балаға 69155 теңге, II топтағы мүгедек балаға 57269 теңге, III топтағы мүгедектігі бар балаға 50426 теңге жәрдемақы төленеді.
Сонымен қатар "Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы" ҚР Заңына (05.04.1999ж.) бірінші топтағы мүгедектерге күтімді жүзеге асыратын адамдарға олардың мүгедектігінің себебіне қарамастан, 1,40 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде жаңадан арнаулы мемлекеттік жәрдемақы енгізілді. Аталған жәрдемақы жеке көмекшінің қызметімен қамтылмаған, бөгде адамның тұрақты күтіміне мұқтаж I топтағы мүгедектігі бар адамдарға арналған. Бұл жәрдемақы туыстық қатынастарына қарамастан тағайындалып, төленеді, бірақ I топтағы мүгедекпен күтімді жүзеге асырушы ретінде айқындалған адам бір елді мекенде тұруға тиіс.
Бұған дейін аталған жәрдемақы "Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы". ҚР Заңына (28.06.2005ж.) сәйкес, 18 жасқа дейін мүгедек балаларды тәрбиелегені үшін ата-анасына, қамқоршысына және бала кезінен I топтағы мүгедектерге күтім жасайтын адамдарға 1,40 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде тағайындалып, төленіп келген болатын (мүгедек бала – 5364; бала кезінен I-топтағы мүгедек– 651).
  • Облыс бойынша 2021 жылы (24.10.-31.12.2021ж.аралығында) 1 топ мүгедегіне күтім жасайтын 309 адамға 48023 теңге мөлшерінде АМЖ тағайындалған. Сонымен қатар Заңда мүгедек балаларға және бала кезінен мүгедек адамдарға мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны және ата-анасының (асыраушысының) біреуі қайтыс болған жағдайда асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақыны бір мезгілде алу құқығы көзделген.
  • Бұған дейін олар таңдауы бойынша бір түрін ғана алып келген болатын. Бұл өзгерістер асыраушысынан айырылған және отбасы құрамында мүгедек балалары бар отбасылардың табыс деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.
Облыс бойынша қазіргі уақытта 208 мүгедек балаларға асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындалды. Сонымен қатар "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы". ҚР Заңына (21.06.2013ж.) өзгерістер енгізіліп, яғни зейнетақы төлемдерін тағайындау үшiн еңбек өтілін есептеу кезiнде 16 жасқа дейiнгi мүгедек балаға күтім жасау кезеңі 18 жасқа дейін ұзартылды.
Еңбек, әлеуметік қорғау және көші-қон
комитетінің Қызылорда облысы бойынша
департаменті
06 наурыз 2022 ж. 564 0