Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Мүгедек балалар мемлекет қамқорлығында

Мүгедек балалар мемлекет қамқорлығында

Қазіргі уақытта Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің Медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімдері Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы №44 бұйрығымен бекітілген «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын» басшылыққа ала отырып, халыққа мемлекеттік қызмет көрсетіп келеді.Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы – мемлекеттік органдардың жұмысын бағалаудың басты өлшемі болып табылады. Мемлекеттік қызмет көрсету барлық саланы, соның ішінде азамат дүниеге келген кезден бастап барлық өмір сүру кезеңінде мемлекеттік қызмет көрсету бойынша мемлекетпен тығыз байланыста болатындығы белгілі. Осының негізінде азаматтар мемлекеттің қызметіне толықтай тәуелді, яғни мемлекеттік қызмет көрсетуші органдардың басты мақсаты – азаматтардың өмір сүруіне тиісті жағдай жасау.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ағымдағы жылдың 24 қазанында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістермен толықтыру енгізу туралы»2021 жылғы 12 қазандағы ҚР Заңы күшіне енді. Ол жеті жастан бастап балаларға мүгедектік топтарын белгілеу бойынша мемлекет көрсететін әлеуметтік көмекті, оның ішінде баланың денсаулық жағдайына, тыныс-тіршілігінің шектелу дәрежесіне және организм функцияларының бұзылуына байланысты мүгедектігі бойынша жәрдемақылардың мөлшерлерін саралауды көздейтін норманы регламенттейді.
Аталған министрліктің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетімен «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы» ҚРДенсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы №44 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2021 жылғы 27 қазандағы №397 бұйрығы жұмыс бабында қолданысқа енгізілді.
Бұл заң аясындағы ерекшеліктер:
1) 7 жастан 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға тағайындалған мүгедектігі бойынша мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақы (бұдан әрі- МӘЖ), сондай-ақ, Байқоңыр қаласында тұратын 7 ден 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес мүгедектігі бойынша зейнетақы алған жағдайда тағайындалған арнайы мемлекеттік жәрдемақы (бұдан әрі-АМЖ) мүгедек тобын белгілеу үшін қайта куаландырудан өткенге дейін бұрын тағайындалған мөлшерде сақталады.
2) Байқоңыр қаласында тұратын мүгедек балаларға, Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес белгіленген мүгедектік тобы бойынша зейнетақы алған жағдайда Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап қосымша төлеммен қайта куәландырылған күннен бастап қайта есептелеледі.
3) Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап, бұрын «мүгедек бала» санаты бойынша белгіленген мүгедектік кезеңіне Медициналық-әлеуметтік сараптама актісінде бар деректер және тіршілік-тынысының шектелу дәрежесін бағалау негізінде сырттай шығарылған сараптамалық қорытынды негізінде автоматтандырылған режимде жүргізетін болады.
4) Мүгедектік топтарды автоматты түрде белгілеу «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы» ҚРДенсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы №44 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2021 жылғы 27 қазандағы №397 бұйрығына сәйкес бір рет жүргізіледі.
Осылайша, 7 жастан асқан мүгедек балалардың ата-аналары және заңды өкілдері мүгедектік тобын белгілеу мақсатында қайта куәландыру үшін медициналық ұйымдар мен МӘС бөлімдеріне жүгінудің қажеті жоқ.
5) Мүгедек балалардың заңды өкілдері тұрғылықты (тіркелген) жері бойынша МӘС аумақтық бөліміне мүгедектік тобының белгіленгенін растау үшін бұрын берілген мүгедектік туралы қолданыстағы анықтамаға тобы туралы «түзету енгізуге» МӘС бөлімінің басшысына жолығуына болады.
6) Шығарылған сырттай шешіммен келіспеген жағдайда, мүгедек баланы  ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы №44 бұйрығымен бекітілген Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларына (бұдан әрі-МӘС қағидалары) сәйкес мүгедектік тобын белгілеу мақсатында заңға сәйкес мерзімін есепке жатқыза отырып, 7-16 жасқа дейін мерзімінен бұрын қайта куаландыру жүргізіледі.
7) 2021 жылдың 24-ші қазаннан кейін 7 жасқа толатын, «мүгедек бала» санаты бойынша мүгедектік мерзімі өтпеген мүгедек балаларды қайта куаландыру МӘС қағидаларына сәйкес жүргізіледі.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде халықтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтауды қамтамасыз ету белгілерінің бірі болып әкімшілік кедергілерді азайту, халыққа мемлекеттік қызметтерді көрсету тиімділігін арттыру және мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету болып табылады.
О. Жұмашұлы,
Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің
Қызылорда облысы бойынша департаменті, №4 мамандандырылған медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімі  басшысы.
13 қараша 2021 ж. 632 0