13 наурызға арналған ауа райы болжамы

Жоғары температуралық контрасттар мен көлденең қысым градиенттерінің жоғарылауы аясында Қазақстан Республикасының аумағында фронтальды аймақ қалыптасады. Осыған байланысты, жауын-шашын жауады, солтүстікте қар жауып жаяу бұрқасын күтіледі, республиканың оңтүстік жартысында көбінесе жаңбыр түрінде, оңтүстіктің, оңтүстік-шығыс және шығыстың таулы аймақтарында қатты жауын-шашын жауып, көктайғақ болады. Республика бойынша жел күшейіп, тұман күтіледі.
Қызылорда облысының солтүстігінде – көктайғақ, тұман, күндіз облыс орталығында желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.
kyzylorda-news.kz