Екінші оқу кезеңінің әскери дайындық сабақтары жалғасуда
Қызылордагарнизонындағы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті әскери кафедрасының 2021-2022 оқу жылының екінші оқу кезеңіндегі әскери дайындық сабақтары өтуде.
Азаматтарды запастағы офицерлер және сержанттар бағдарламасы бойынша әскери қызметке даярлау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 19 қазандағы"Запастағы офицерлер мен запастағы сержанттар бағдарламалары бойынша әскери дайындық қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес Қазақстан Республикасының әскери оқытылған резервін қалыптастыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері офицерлері құрамының бастапқы лауазымдары мен сержанттар құрамының лауазымдарын қосымша жасақтау мақсатында ЖОО студенттерінің алатын жоғары кәсіптік білімі негізінде, әскери-есептік мамандықтар бойынша жүзеге асырылады.
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті әскери кафедрасының 2021-2022 оқу жылының бірінші оқу кезеңінде әскери дайындықтың оқу үдерісі қалада қалыптасқан карантиндік жағдайларға байланысты қашықтықтан оқыту әдісімен өткізілді, ал кейбір практикалық сабақтар санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып әскери кафедра базасында жүргізілді.
Әскери кафедрада әскери дайындықтың дәріс, семинарлық сабақтары «Классрум», «Zоом» бағдарламалары және Watsapp желісінің көмегімен, ал тәжірибелік, саптық және тактикалық сабақтар кафедраның және университеттің оқу материалдық техникалық базасында, атап айтқанда, кафедраның сыныптарында, оқу-жаттығу мен саптық алаңдарында жүргізілді.
Әрине, мұндай аралас оқыту әдісі әскери дайындықтан өтуші жастардың бойында әскери тәжірибелік машықтардың қалыптасуына толық мүмкіндік бермейді.
Эпидемиологиялық ақуалдың жақсаруына байланысты2021-2022оқу жылының екінші оқу кезеңінің үшінші аптасынан бастап оқу үдерісі санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, әскери кафедра базасында өткізілуде.
2021-2022оқу жылының екінші оқу кезеңінде әскери мамандықтардың бейіндік және жалпы әскери пәндері бойынша оқу сабақтарын 90 сағат көлемінде, ал оқытушының басшылығымен білім алушы студенттердің өзіндік жұмысын жүргізу 30 сағат көлемінде өткізу жоспарланған.
Мұхит ҚОНАРОВ,Қызылорда гарнизоны баспасөз қызметінің бастығы, лейтенант