Сексеуілде 4 млн теңгеге жуық ақша ұрлағандар ұсталды

Полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел жұмыстары нәтижесінде ізін суытпай үш күдікті азамат, 22-23 жастағы кент тұрғындары анықталып, ұсталды. Күдіктілер АПб-нің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Айғақты зат ретінде ұрланған ақша алынды.
Қазіргі таңда аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 188 бабының 3 бөлігімен (ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.
syrboyi.kz