Қызылордада кірпіш зауытына үш қайтара ұрлыққа түскен күдіктілер ұсталды

Олар кірпіш зауытының ауласында орналасқан қойма есігінің ілмелі құлпын бұзу арқылы ұрлыққа түсіп, бой тасалаған. Шығын 2 миллионнан астам.
Жедел топ дереу оқиға орнына жетіп, полиция қызметкерлері тексеру жүргізіп, зауыт қызметкерлерінен жауап алды. Күдіктілердің жеке басын анықтау үшін жедел-іздестіру шаралары жүргізілді.
Нәтижесінде 23 және 24 жастағы күдіктілер анықталып, ұсталды. Олар өз кінәсін толықтай мойындаған.
«Қазіргі таңда бұл дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188 – бабының 3 – бөлігімен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеп – тексеру амалдары жүргізілуде. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды», -делінген полиция департаментінің хабарламасында.